{metadescription}
Сайлау: Қазақстандықтар 62 елде өз таңдауын жасай алады
Сайлау: Қазақстандықтар 62 елде өз таңдауын жасай алады

Сайлау: Қазақстандықтар 62 елде өз таңдауын жасай алады

Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың сайлауы басталды. Таңғы жетіден бері 10 мыңнан аса учаскеде дауыс беріліп жатыр. Сондай-ақ 62 елде қазақстандықтар өз таңдауын жасай алады.

Бұл жолы Мәжілістің 98 депутаты аралас жүйемен сайланады. Яғни 69-ы партиялық тізіммен, қалған 29 депутат бір мандаттық округ бойынша. Және осы сайлаудағы тағы бір ерекшелік, енді бюллетень соңында «бәріне қарсымен» деген графа бар.

 Төменгі палата мандатынан 7 саяси партияның үміті бар: «Аманат», «Ауыл», «Республика», «Қазақстан халық партиясы», «Байтақ», «Ақ жол» мен «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия». Барлығы 281 кандидат ұсынып отыр.

 Ал Мәжіліске өту үшін әрқайсына кемі 5 пайыз дауыс жинауы керек. Нағыз тартысты бәсеке мажоритарлы жүйе бойынша сайлауға түскен кандадаттар арасында да өткелі тұр. Өйткені 29 мандатқа 435 адам үміткер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде