{metadescription}
Әлихан Смайылов сайлаудан кейін отставкаға кететінін айтты
Әлихан Смайылов сайлаудан кейін отставкаға кететінін айтты

Әлихан Смайылов сайлаудан кейін отставкаға кететінін айтты

Алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Мемлекет басшысы өз таңдауын әдеттегідей Астанадағы Оқушылар сарайында жасады. Сенат төрағасы мен Үкімет басшысы да сайлау учаскесіне ерте келіпті.

Астанадағы Оқушылар сарайы сайлау күні үнемі ел назарында болады. Өйткені мұнда дәстүрден ауытқымай, мемлекет басшысы да ел қатарлы дауыс береді. Мұны осы аймаққа тіркелген елордалықтар да біліп алған. Қасым- Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне ерте келді. Ол Астанадағы Оқушылар сарайына таңғы сағат жетіде өз таңдауын жасады.

Президент дауыс берген уақытта Астанада әлі таң да атпаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев бюллетень алған соң өз таңдауын жасады. Осы кезде сәтті пайдаланған астаналық оқушы президентке келіп  амандасып,тілдесіп, фотоға да түсіп үлгерді. 

Мемлекет басшысынан кейін елдегі саяси элита да бірінен кейін бірі қалмай дауыс беруге келді. Солардың бірі – Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Дауыс беріп болған соң тілшілердің сұрағына жауап берген спикер, бұл сайлаудың жөні бөлек деді. Парламентке саяси ықпалы басым топтардың келетініне жоғары палата төрағасының сенімі мол.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

- Парламентке оппозиция керек. Оппозиция қашан да керек деп мен өз басым ойлаймын. Оппозиция конструктивті болуы керек дегенді де айту керек. Үкіметке де айтып отыруы керек ондай саяси күштер: «Мынау дұрыс болып жатыр, мынау дұрыс болмай жатыр» деп. Мемлекеттік органдарға айту керек, әкімдерге айту керек.

Дауыс беруге ертемен келгендердің бірі —  премьер-министр Әлихан Смайылов. Ол Үкіметтің Мәжіліс сайлауынан кейін отставкаға кететінін айтты. Жаңа кабинет жасақталғанша, қазіргі министрлер қызметін уақытша атқара бермек.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Былтыр жағдай өте қиын болды. Соған қарамастан Үкімет жұмысының нәтижесі бар. Күрделі және сыртқы геосаяси жағдайларға қарамастан экономикамыз тұрақты дамып келеді. Инфляциялық өзгерістер болды, биыл оны екі есе азайтуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта да осы мақсатта жұмыс істеймыз.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, бұл сайлау Жаңа Қазақстандағы реформалардың заңды жалғасы. Әрі кезекті шешімдердің негізі. Өз ерекшелігі де бар.

Ерлан Қарин, Мемлекеттік кеңесші:

- Өздеріңіз білесіздер осыған дейін пропорционалды жүйе болғаннан кейін негізінен партия мүшелері ғана сайлауға түсе алатын еді. Енді мына бір мандатты округтер бойынша сайлау енгізілгеннен кейін, сонымен қатар қарапайым азаматтардың міндетті түрде бір партияның мүшесі емес, жәй адамдардың да сайлауға түсуіне мүмкіндік ашылды.

Жалпы елордадағы дауыс беру қарқынды жүріп жатыр. Сайлау учаскіне қарапайым тұрғындардан бастап, әкім-қаралар, министрлер де келді. Түске дейін қар жауып, тұман болып болып еді. Қазір күн ашылып келеді. Сайлаушылардың өз құқын еркін пайдалану үшін, бүгін қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.