Жерлестеріміз 62 мемлекетте ашылған 77 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр
Шетелде жүрген отандастарымызға да дауыс беру мүмкіндігі жасалған. 62 мемлекетте ашылған 77 сайлау учаскесіне жерлестеріміз таңнан бері ағылып жатыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
19.03.2023
Әлем елдері арасынан алғаш болып Оңтүстік Кореядағы әскери-теңіз академиясында оқитын Елнұр Асанов өз таңдауын жасады. Бұл елдегі сайлау учаскесі Астана уақытымен таңғы төртте ашылған. Отандасымыз азаматтық борышымды өтеу үшін бір күн демалыс алғанын айтады. Одан кейін Жапонияда жүрген жерлестеріміз елшіліктің жанынан ашылған учаскеге барып дауыс берді. Көршілес бес мемлекеттен бөлек, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Иордания, Грузияда жүрген ел азаматтары да саяси науқанға белсенді қатысуда. Жалпы шетелде жүрген 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді деп күтілуде.
Елнұр Асанов, Корея Республикасы әскери-теңіз академиясының курсанты:
- Өтіп жатқан сайлауымыз Қазақстан үшін маңызды деп ойлаймын. Қазақстан экономикалық және жаңа мүмкіндіктерді береді деп үміттенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз борышымды орындау үшін Пусан қаласынан Сеулге келіп, өз үлесімді қосып дауыс бердім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!