{metadescription}
Ерболат Досаев сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді
Ерболат Досаев сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді

Ерболат Досаев сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді

Тұрғындары аса белсенді болмаса да, Алматы әкімі сайлау учаскесіне ерте барды. 

Ерболат Досаев №388 сайлау учаскесіне жұбайын бірге келіпті. Шаһар басшысы алдымен бюллетень алып кабинаға аттанды. Көп ұзамай дауыс беру парағын жәшікке салды. «Елдің болашағына шын жүректен алаңдайтын тұрғындар сайлауға бейжай қарамайтынына сенімдімін», - дейді Досаев.

Ал Астана қаласының әкімі саяси науқанға жалғыз келген. Ол Оқушылар сарайында орналасқан № 59 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Жеңіс Қасымбек сайлауда шынайы бәсекелестік бар екенін жеткізді.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

- Бізде екі округ бойынша Мәжіліске 40-тай үміткер бар. Сондықтан белсенді өтіп жатыр. Конкуренция бар. Азаматтар көп, бәрі елді ойлайтын азаматтар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде