Маңғыстау облысында 300-дей матрос дауыс берді
Маңғыстау облысында 300-ге жуық әскери теңіз күштерінің матростары дауыс берді. Отан алдындағы борышын Каспийде өтеп жүрген теңізшілер сайлауға қатысу үшін арнайы Ақтауға келді.
Автор: Айман Нұрмағанбет
19.03.2023
Ақтау гарнизонындағы әскери теңіз күштерінің матростары Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына белсенді қатысты. Сап түзеген сарбаздардың қатарында матростар, кеме дивизионы мен десанттық-шабуылдау батальонының мерзімді әскери қызметшілері бар. Олар өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін дауыс берді. Ақтау гарнизонында 1800-ге жуық әскери қызметкер бар.
Мұқағали Балтабаев, матрос:
- Кеше ғана Отан алдындағы борышымызды өтеу мақсатында теңізде жүр едік. Бүгін өз дауысымызды беруге Ақтау қаласының нөмірі 61 учаскесіне келіп жатырмыз. Сайлау өте жоғары деңгейде өтуде. Бұл сайлауға барлық мерзімді әскери қызметшілері белсене атсалысуда. Әрбір сарбаздың дауысы бұл мемлекетіміздің аяқтан нық тұруына үлкен септігін тигізеді деген ойдамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!