{metadescription}
Қарағандыда 1400-ге жуық сарбаз таң атпастан дауыс берді
Қарағандыда 1400-ге жуық сарбаз таң атпастан дауыс берді

Қарағандыда 1400-ге жуық сарбаз таң атпастан дауыс берді

Қарағандыда сарбаздар да саяси науқаннан сырт қалған жоқ. Еліміздің әр өңірінен жиналып, Отан алдындағы борышын өтеп жатқан жігіттер бүгін таңдау жасады.

Ұлттық ұланға қарасты 6505 әскери бөлімінің 160-тан астам жауынгері бүгін өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, қалаған үміткерлеріне дауыс берді. Әскери тәртіп бойынша саппен келген сарбаздар дауыс беру науқанына бір кісідей қатысты. Жалпы Қарағанды горнизоны бойынша үш бірдей әскери бөлімнің 1400-ге жуық сарбазы таң атпастан өз таңдауын жасаған. Олар сайлауға қатысуды азаматтық борышым деп біледі.

Ерболат Нақыпов, 6505 әскери бөлімінің сарбазы:

- Мемлекеттік өмірге қатысу керек болса, оны өзімізден бастау керекпіз. Яғни өзгерісті өзімізден бастаймыз. Біз, ұландықтар, бүгін өз таңдауымызды жасадық. Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің жеке құрамы сайлауға белсенді қатысып, өз болашағына таңдау жасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде