{metadescription}
Салауатты Баянды тұрғындары сайлауға ұлттық киіммен келді
Салауатты Баянды тұрғындары сайлауға ұлттық киіммен келді

Салауатты Баянды тұрғындары сайлауға ұлттық киіммен келді

Маңғыстау облысында арақ-шараптан бас тартқан Баянды ауылы сайлау күні де ерекшеленді. Дауыс беруге келген тұрғындар жаппай қазақтың ұлттық киімін киген. Ер-азаматтар иығына оюлы шапан жапса, қыз-келіншектер қажекей, қамзолын киіп, саяси шараның сәнін келтірді.

Арақтан бас тартқан Баянды ауылының тұрғындары сайлау учаскесіне ұлттық киімде дауыс беріп жатыр. 8 мыңнан аса тұрғыны бар ауылда екі сайлау учаскесі бар. Әр партияның байқаушылары сайлау барысын жіті бақылап отыр.

Дауыс беруге ұлттық киім киіп баруды ауылдың ақ жаулықты аналары көтерген. Бұл идеяны тұрғындар түгел қолдаған. Осылайша сайлау күні ауылдың жасы да, үлкені де ұлттық киім киген.

Қарашаш Жұмажанова, Баянды ауылының тұрғыны:

- Ұлттық мерекеміз Амал мерекесі болды. Біз мерекеден бері мектепте осылай киініп жүрміз. Сайлауға да осылай киініп келдік. Жөн көрдім. Себебі, өздеріміздің ұлттық нақыштағы киімдерімізді осындай жерде көрсетуіміз керек.

8 мыңнан астам тұрғыны бар Баянды ауылында 4406 сайлаушы тіркелген. Олар мектепте орналасқан қос сайлау учаскесінде өз таңдауын жасауда. Сайлау учаскелерінде қазақтың күйлері күмбірлеп, тұрғындардың рухын көтере түскендей. Игі бастама аясында сайлауға келгендерді ұлттық тағамдармен қарсы алуда.

Дастан Мұраталиев, Баянды ауылының әкімі:

- Сайлауға келушілердің басым көпшілігі ұлттық киіммен келуде. Бұл дегеніміз, біздің қазақилығымыздың дәлелі. Бәрі қазіргі таңда жастарға өнеге, үлгі болсын деп осындай, былайша айтқанда, акция емес, бастама осындай. Ауылымыз дами берсін.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Баянды ауылының халқы жаппай спирттік ішімдіктен бас тартқан. Осы арқылы ел ішіндегі қылмысты азайтып, үлгілі ауыл қатарына кіруді көздейді.

Жалпы Маңғыстау облысында 247 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Онда 418 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Соның жиырма мыңға жуығы мүгедектер тобына жатады. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын мұндай дауыс берушілерге «Инватакси» ұйымдастырылып, 13 сурдоаудармашы жұмыс істеуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.