{metadescription}
Тараздағы ең жас көпбалалы ана да өз таңдауын жасады
Тараздағы ең жас көпбалалы ана да өз таңдауын жасады

Тараздағы ең жас көпбалалы ана да өз таңдауын жасады

Тараздағы ең жас көпбалалы ана да өз таңдауын жасады. Небәрі 36 жасында 14 перзенттің шешесі атанған әйел ұл-қыздарын да сайлау учаскесіне ертіп келген. Бірақ оның тек өзі  таңдау жасауға құқы бар. Ал балаларының мүмкіндігі шектеулі болғасын, сайлауға қатыса алмайды. 

14 баланың үлкені 30 да, кенжесі 4-те. Мадина Жорабаеваның бес перзенті өз құрсағынан шыққан болса, 9-ын патранаттық тәрбиеге алған. Соңғыларының ақыл-есінің ауытқуы бар. Жергілікті тұрғын отағасымен келісіп, үш жыл бұрын мүгедектігі бар жандарды қамқорлықа алуды ұйғарыпты. Содан бері 16 адам бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. Бүгін айрандай ұйыған отбасы бір ауыздан таңғы жаттығуларын жасап, сайлау уческесіне келді. Онда оларды сән-салтанатпен күтіп алды.  

Отбасында береке, бірлік бары байқалады. Мадина ұл-қыздарымды бөліп-жармай, бәріне тең қараймын дейді. 36 жастағы әйел балаларына тәрбие берумен қатар, оларды еңбек етуге үйретіп қойған. Қай-қайсысы болмасын қолөнермен айналысады.

Мәдина Жорабаева, көпбалалы ана:

- Әрине, менің балаларымның дауыс беруге құқы жоқ. Өйткені мүгедектігі бар дегендей. Бірақ дауыс берерімде қасымда балаларым қолдаушы болып жүр. Балаларымның жартысы келді, жартысы үйде. Өзім көпбалалы анамын. 14 балам бар. Аллаға шүкір.

Колледжде музыкадан сабақ беретін Мадина Жорабева жуық арада жұмысын тастауды көздеп отыр. Сөйтіп бала тәрбиесіне бар күш-жігерін жұмсамақ. Түрлі бұйым мен тойбастар әзірлеумен айналысатын отбасы осы кәсіпті одан әрі дамытуға ниетті. Ал басты міндетіміз - перзенттерімізді қоғамға бейімдеу дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.