{metadescription}
Алматыдағы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 300-ге жуық дауыс берілді
Алматыдағы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 300-ге жуық дауыс берілді

Алматыдағы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 300-ге жуық дауыс берілді

Медициналық мекемелерде емделіп жатқандар да таңдауын жасады. Алматыдағы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасындағы жабық сайлау учаскесінде 300-ге жуық дауыс беруші тіркеліпті.

Мұндағы науқастардың дені елдің түкпір-түкпірінен келген. Ел тарихындағы маңызды күнде олар да өз таңдауын жасаудан қалыс қалмады.

Таңғы алты жарым. Жеті болмай нөмірі 96-шы сайлау уческесінің бақылаушылары төрт көзі түгел жиналған. Комиссия мүшелері бюллетень салатын жәшікті көпшілік көзінше мөрледі. Сайлаушылардың тізімі жазылған қағаздар да ретімен қойылғанша, сағат тілі жетіні соғып әнұран ойнады.

Таң алакеуімімен алғашқылардың бірі болып таңдауын жасауға Ниязбек Асқаров келді. Түркістан облысынан апта бұрын ота жасату үшін арнайы Алматыға жеткен. Ауруханада дауыс беруім алғаш рет дейді.

Ниязбек Асқаров:

- Өз учаскемнен сайлауға дауыс бере алмағандықтан, бүгінгі таңда осы Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасынан дауыс беріп отырмын. Бұл мен өзім ойлаймын, Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Сондықтан әр азамат өз парызын әділетті Қазақстанның нығаюына үлес қосатын азаматтарға өз үлесін қосу керек.

Емделушілердің әдеттегі күнге қарағанда көңіл-күйі көтеріңкі. Таңғы ем-домға дейін дауыс беруге жиналудың өзі бұл күнді түрлендіргендей. Қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жабық учаскесінде 280 сайлаушы тіркелген. Алғашқы сағатта оның 10-15 пайызы таңдауын жасап үлгерген.

Бағдат Әлімбетов, № 96 сайлау учаскесінің төрағасы:

- Төрт түрлі бюллетень беріледі. Біріншісі, мәжіліс депутаттарының партиялық тізімі бойынша, екіншісі бір мандатты округтар бойынша, мәжіліске үміткер 28 депутат біздің округ бойынша. Үшінші, ол бізде Алматы қаласының мәслихатына партия тізімі бойынша алты партияның және төртінші бюллетень Алматы қаласының депутаттары, үміткерлер.

Отадан енді оңалып жатқаны бар, төсекке танылғаны бар, дей тұрғанмен дауыс беремін деген өтінішін айтқан емделушілерді комиссия мүшелері аралайды. Бұрынғы сайлаудан бедері бөлек, бұл саяси дода күні әркім өз таңдауын жасауға құқылы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде