{metadescription}
Шымкентте босануға келген аналар да дауыс беріп жатыр
Шымкентте босануға келген аналар да дауыс беріп жатыр

Шымкентте босануға келген аналар да дауыс беріп жатыр

Шымкентте ай-күні жетіп босануға келген аналар да дауыс беріп жатыр. Ол үшін қалалық  перинаталды орталықта арнайы дауыс беру жәшігі ұйымдастырылған.

Гүлбану Сыздықова,  Шымкент перинаталды орталықтың бас дәрігері міндетін атқарушы:

- Осы балалардың бүгін туылған тарихта қалатыны,  сайлау күні туылған еді, телевизия келіп, бүкіл ақпарат құралдарына таралды деп, Сайлаугүл, Сайлаубек деп атаймыз.

Толғатып жатқан әйелдерге таңертеңнен бері көшпелі жәшік ұстаған қызметкерлер кіруде. Шақалағын баурына басқаны да бүгін-ертең босанатыны да бақылаушылардың көзінше таңдауын жасап, бюллетенін жәшікке салып жатыр. Бұл орталықта дауыс беруге құқылы 15 жүкті әйел мен нәрестесін бауырына басқан 55 ана жатыр. Тәулігіне 25-ке жуық нәресте өмірге келетін перзентханада таңертеңнен бері 7 әйел босанған. Жас аналар дәл саяси науқан қызып тұрған күні өмірге ұрпақ әкелгенін ақсылыққа жорып отыр.

Гүлбахар Арзықұлова:

- Ең бірінші кенже қызымның сайлау алды науқанына туылғанына қуаныштымын. Құдай қаласа, жақсылыққа жорып отырмын. Құдай қаласа, елімізге, жұртымызға қызмет жасайтын абыройлы қыз, азамат болып өседі деген үміттемін. Солай ырымдап отырмын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде