Елордада «Сайлау 2023» онлайн-марафоны өтіп жатыр
Бүгін таңертеңнен бері елордада «Сайлау 2023» онлайн-марафоны өтіп жатыр. Таңғы сағат тоғыздан бастап түнге шейін танымал журналистер, сарапшылар мен саясаттанушылар сайлау науқанын бірге бақылайды.
Автор: Елдос Есенбол
19.03.2023
Сәт сайын спикерлер өзара пікірталас ұйымдастырып саяси дода туралы ойын ортаға салады. Оған депутаттар мен министрлер, есімі елге белгілі өзге де сала азаматтары қатысады. Дәл осындай форматтағы онлайн-марафон бұған дейінгі президент сайлауында да, жалпыхалықтық референдум кезінде де болған еді.
Жанар Мұқанова, Мемлекеттік басқару академиясының орталық жетекшісі:
- Негізгі мақсаты, менің ойымша, бүкіл сайлау қалай өтіп жатқанын түсіндіреді, айтады, көрсетеді. Біз дауыс берген кезде өз даусымыз нақты шешімге өз әсерін тигізсін деп ойлаймыз. Сайлау әділ болсын, таза болсын, әділетті болсын деген мақсат қоямыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!