{metadescription}
Есілдің сол жағалауындағы саяси дода
Есілдің сол жағалауындағы саяси дода

Есілдің сол жағалауындағы саяси дода

Ел бойынша алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Мемлекет басшысы өз таңдауын әдеттегідей Астанадағы Оқушылар сарайында жасады. Бүгін сол жағалаудағы саяси тұлғалар да аса белсенді.

Таңғы сағат сегіз жарыма дейін  Сенат төрағасы, Үкімет басшысы, Мемлекеттік кеңесші бастаған саяси элита дауыс беріп үлгерген.

Астаналық шенеуніктер таң атысымен дауыс беру заңды құбылыс. Өйткені таңғы сағат жетіде есігін айқара ашатын сайлау учаскілері, ондағы комиссиялар, тілшілер де саяси салмағы басым тұлғаларды бірінші болып күтеді. Ал бүгін кезектен тыс Мәжіліс және Мәслихат сайлауына ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы болып келді. Оқушылар сарайына жарық түспей таңғы сағат жетіде барып өз таңдауын жасады.

Президент дауыс берген уақытта Астанада таң енді ата бастаған. Қасым-Жомарт Тоқаев бюллетень алған соң жеке кабинаға кіріп дауысын берді. Үлгергендер Мемлекет басшысымен суретке де түсті.

Мемлекет басшысынан кейін елдегі саяси элита да бірінен кейін бірі қалмай дауыс беруге келді. Солардың бірі  —  Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Дауыс беріп болған соң, тілшілердің сұрағына жауап берген спикер, бұл сайлаудың жөні бөлек деді. Парламентке саяси ықпалы басым топтардың келетініне Жоғары палата төрағасының сенімі мол.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

- Парламентке оппозиция қашан да керек деп ойлаймын. Бұл жерде енді оппозиция конструктивті болуы керек дегенді де айту керек. Конструктивті оппазиция, әрине, керек. Үкіметке де айтып отыруы керек ондай саяси күштер: «Мынау дұрыс болып жатыр, мынау дұрыс болмай жатыр» деп. Мемлекеттік органдарға айту керек, әкімдерге айту керек.

Дауыс беруге ертемен келгендердің бірі —  премьер-министр Әлихан Смайылов. Ол Үкіметтің Мәжіліс сайлауынан кейін отставкаға кететінін айтты. Ал жаңа кабинет жасақталғанша, қазіргі министрлер қызметін уақытша атқара бермек. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтуынша, бұл сайлау Жаңа Қазақстандағы реформалардың заңды жалғасы. Бұл жолы әр азаматқа мүмкіндік берілді. Сайлаудан кейінгі кез - халықтың әл-ауқатын көтеретін нағыз шешуші сәт. 

Ерлан Қарин, Мемлекеттік кеңесші:

- Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін пропорционалды жүйе болғаннан кейін негізінен партия мүшелері ғана сайлауға түсе алатын еді. Енді бір мандатты округтер бойынша сайлау енгізілгеннен кейін, сонымен қатар қарапайым азаматтардың міндетті түрде бір партияның мүшесі емес, жәй адамдардың да сайлауға түсуіне мүмкіндік ашылды.

Жалпы елордадағы дауыс беру қарқынды жүріп жатыр. Сайлау учаскіне қарапайым тұрғындардан бастап, әкім-қаралар, министрлер де түгел келді. Сайлаушылардың өз құқын еркін пайдалану үшін бүгін қоғамдық көліктер жолаушыларды таңертеңнен кешке дейін тегін тасып жүр.

Биыл парламент сайлауы алғаш рет аралас жүйе бойынша өтіп жатыр. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Төменгі палата мандатына 7 саяси партия таласуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде