Жеті партия сайлауды тек сырттан бақылаған жоқ
Сайлауға түсіп жатқан жеті партия бүгін жағдайды тек сырттан бақылап отырған жоқ. Саяси ұйым лидерлері де учаскелеріне барып өз таңдауларын жасады. Көңіл-күйлері көтеріңкі, барлығы да оптимистік көзқараста.
Автор: Елдос Есенбол
19.03.2023
«Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов бүгін үгіт-насихат науқанының нәтижесі көрінетін күн дейді.
«Ақ жол» төрағасы Азат Перуашев "бұл сайлаудан кейін жаңарудың болары анық, соның бірі қазіргі Үкіметтің таратылуы" деп тілге тиек етті.
«Ауыл» партиясы төрағасы Әли Бектаев та бүгін өз сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.
Жалпыұлттық социал-демократтар партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов: «Былтыр президент сайлауына кандидат ұсындық, бұл саяси науқанға қатысуымыздың іргетасы болды» - деді.
Биыл саяси аламанға жаңадан қосылған қос партияның барын айта кетейік. "Байтақ" және "Республиканың" төрағалары да өз таңдауын жасады. Мәжілістің күні кеше таратылған жетінші шақырылымында үш партия болған. Енді Төменгі палатаның құрамы қаншалықты жаңаратыны осы науқаннан кейін белгілі болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!