{metadescription}
Сайлау: Франция сенатының депутаты Эрвэ Морэ пікір білдірді
Сайлау: Франция сенатының депутаты Эрвэ Морэ пікір білдірді

Сайлау: Франция сенатының депутаты Эрвэ Морэ пікір білдірді

«Қазақстан-ашықтық пен либерализмнің үлгісін көрсетуді жалғастырып келеді». Франция республикасы сенатының депутаты Эрвэ Морэ осындай пікірін білдірді.

Депутаттықтан бөлек, «Франция-Орталық Азия» тобының төрағасы Алматыға бақылаушы болып келді. Әріптесімен бірге таңертеннен бері төрт сайлау учаскесін аралап үлгерген. Әзірге ешқандай заңбұзушылық байқамағанын айтады.

Эрвэ Морэ, Франция Республикасы Сенатының депутаты, бақылаушы:

- Бақылаушы ретінде шақыртуды шын жүректен қуана қабылдадық. Осыған дейін де Қазақстандағы саяси науқанның куәгері болып үлгергенбіз. Бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек. Дауыс беру процесі Франциямен ұқсас. Сіздердегі ерекшелігі, сайлаушы тұрғылықты жері бойынша тізімде болуы керек екен. Келгендегі басты мақсатымыз сайлау барысын бақылау. Әзірге ешқандай заңбұзушылық байқамадық.

Ел тарихындағы елеулі күнді бақылауға келген шетелдік бақылаушылар көп. Сайлау барысына қатысты сағат сайын брифингтер өтіп жатыр. «Әділ сайлау үшін» қозғалысы тұрғындардың  сайлауға қатысты көңілі толмаған жайт, я ақыл-кеңес керек болса штаб жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.  Азаматтарға кәсіби заңгерлер тегін көмек қолын созады.

Бауыржан Байтағұров, «Әділ сайлау үшін» қозғалысының өкілі:

- Бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша жүз елуден астам заңгер жұмыс істеп жатыр. Ең басты мақсатымыз — енді біздің халыққа заңды түрде қалай сайлауға қатысу керек, сол заңды түрде, заңды бұзбай, заңға сәйкес, өздерінің нелерін жүргізуге болатынын, сол себепті біз халыққа сондай қызмет көрсетеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде