{metadescription}
Ақтөбе облысында тасқын болған ауылдарда да сайлау қызу өтті
Ақтөбе облысында тасқын болған ауылдарда да сайлау қызу өтті

Ақтөбе облысында тасқын болған ауылдарда да сайлау қызу өтті

Ақтөбе облысында жолдарды тасқын шайып қатынасы үзілген ауылдарда да сайлау науқаны қызып жатыр. Аралда қалғандай күй кешкен жұрт белсенділік танытып, өз таңдауын жасаған.

Қазір Қобда ауданындағы сегіз елдімекенмен және Ойыл ауданындағы бір ауылмен қатынас жоқ. Жолдарын су шайып кеткен. Бірақ Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына ол кедергі емес. Учаскелер жұмыс істеп тұр.

Жетпіске жуық үйді су басқан Қобданың өзінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ауылдарда шағын жәрмеңкелер өтіп жатыр. Кешкі сегізде сайлау бітіп, дауыс саны есептелген соң бюллетендерді кері орталыққа қайықпен жеткізеді. Тұрғындар тасқыннан мал-жанының аман қалғанына шүкіршілік айтып отыр.

- Бүгін өзім таңдауымды жасап, 418 сайлау учаскесіне келіп тұрмын. Қар еріп, ауылға кішкене қауіп төнген жағдай болды. Ауыл жігіттері, құтқарушылар ұжымы бірігіп, күндіз-түні қызмет етіп, ауылымызды топан судан аман алып қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде