{metadescription}
Артистер отандастарымызды сайлауға әндетіп тұрып шақырды
Артистер отандастарымызды сайлауға әндетіп тұрып шақырды

Артистер отандастарымызды сайлауға әндетіп тұрып шақырды

Қазақ өнерінің аңызға айналған тұлғалары мен жұлдыздары да өз таңдауын жасап жатыр. Саяси өмірден шет қалуға болмайтынын айтқан олар депутаттыққа түсіп жатқан үміткерлер арасында жастардың көп екеніне қуанышты.

Ешбір науқаннан қалыс қалмайтын күміс көмей әнші Бибігүл Төлегеноваға бұл жолы сайлау комиссиясының мүшелері жәшігін арқалап үйіне барды. Ал кей артистер отандастарымызды саяси додаға қатысуға әндетіп тұрып шақырды.

Саяси науқаннан бірде бір рет қалмағанын айтқан Бүркіт бүгін де таңдау жасауға бүкіл отбасымен келген. Әнші кішкентайларым қазірден сайлауға қатысып, дауыс берудің маңыздылығын түсініп өсу керек деп есептейді.

Ал қазақ ән өнерінің бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың соңғы жылдары денсаулығына байланысты үйден шығуы қиындаған. Сол себепті учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін пәтеріне шақыртты. Қазақ өнерінің аңызы осылай өз таңдауын жасап, соңынан ақ батасын берді.

Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық артисі:

Мен үшін сайлау ол үлкен мереке. Біздің кезімізде сайлауға біз қуанақуана келетінбіз. Концерт беретінбіз. Өзіміз концертке баратынбыз. Бүгінгі сайлау біздің бүгінгі сайлаған депутаттарымыздың барлығына кәміл сенемін. Олардың сол өздерінің отырыстарыңда біздің мемлекеттіміздің жағдайын жақсарту үшін. Мемлекеттімізде тышынтық, аспанымыз ашық болып іштегі жаудан, сыртағы жаудан сақтасын. Аман есен болайық.

Сайлау учаскелерінде таңертеңнен дауыс беруге ағылған қарашаның арасында танымал тұлғалар көп. Азаматтық таңдауын жасауға келгендердің бірі «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі әрі солисі –Мұрат Құсайынов. Қайда жүрсе де қатаң тәртіпті талап ететін композитор өз учаскесіне кешікпестен келіп, 4 бюллетеньді жеке-жеке тексеріп, түгендеп шықты.

Мұрат Құсайынов, «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі:

- Осының бәрі біздің болашақ Қазақстанға әділетті Қазақстан деймін, Жаңа Қазақстан деп жатырмыз. Соған қызмет істесе болды. Және Парламент деген бүкіл дүние жүзінде өте шешуші рөл атқарады. Бұл тек қана отырып жиналыс жасау емес, шешім қабылдау арқылы үкіметті, әкімдерді, үкіметті дұрыс бағытта жұмыс істеуіне ықпал жасайды.

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен Өктем Алтаев та сайлаудан қалыс қалмады. Әнші үшін бұл жолғы саяси дода бұрынғылардан өзгерек. Яғни аламанға түскен жастарымыздың көп екеніне қуанып отыр. Айтуынша, Парламент жаңарса халық пен қоғамға тигізер әсері мол болмақ. Осы орайда біраз үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын түгел оқып шығыпты.

Өктем Алтаев, әнші:

Бүгінгі сайлауда Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, Жаңа Қазақстанымыздың жаңаруына, өсіп өркендеуіне үлес қосу мақсатында өз даусымды бердім. Өз қалауымды өз таңдауымды жасадым. Мен осы жолы дәл бүгінгі сайлау басқа сайлаулардан ерекше деп түсінемін. Өйткені Жаңа Қазақстанымыз жаңарып жатыр.

Таңдауын жасаған зиялы қауым өкілдері барша отандастарымызды жұмыла жұдырық болуға шақырды. Өйткені келешек үшін әрбір дауыс маңызды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.