{metadescription}
Сайлау: Егіздердің көзқарасы қарама-қайшы болып жатыр
Сайлау: Егіздердің көзқарасы қарама-қайшы болып жатыр

Сайлау: Егіздердің көзқарасы қарама-қайшы болып жатыр

Елімізде егіздер де өз таңдауын жасады. Қызығы, бір құрсақтан шықан жандардың көзқарастары қарама-қайшы болып жатыр. Солардың бірі — тараздық әпкелі-сіңлі Қонысбаевалар. Бүгін екеуі ел қатарлы сайлау учаскесіне келіп үміткерлерге дауыс берді.

Сәния Қонысбаева, студент:

- Сайлауға ең алғаш қатысып тұрмыз. Бұл сайлау өте маңызды. Дұрыс таңдау жасау да өте маңызды. Себебі, болашақта Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне әсер етеді деп ойлаймын.

Қыздар сайлау учаскесіне келгендердің назарын бірден өзіне аударды. Екеуі медициналық колледж студенттері. Таэквандомен шұғылданатын бойжеткендер спорттың бірнеше түрінен шеберлік көрсетті. Бұқараның алдында білек сынасты. Олар асық атудан да кенде емес екенін дәлелдеді. Күші мен мергендігін паш еткендермен жігіттер жағы бәсекеге түсе алмады.

Қарағандылық егіздер де саяси науқанға өз үлесін қосты. 18 жасқа енді толған Мадияр мен Даниярдың алғашқы дауыс беруі болғандықтан қобалжып, білмегенін сұрап жүр. Бюллетень мұнша көп болады деп ойламадық дейді. Дей тұрғанмен мәжіліс пен мәслихаттарға шыншыл, халықтың жайын ойлайтын адамдар барғанын қалайды. Екеуінің де арманы құқық қорғау органында қызмет етіп, жемқорлықпен күресу.

Мадияр Армия, студент:

- Егіз болғанымызбен, мінез-құлқымыз, әр таңдауымыз екі түрлі. Ойлау қабілетіміз басқаша. Екі түрлі адамға өзіміздің жүрек қалауымызбен таңдау жасадық. Ең бастысы, әділдік жеңсін, коррупция болмасын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.