Ақтөбеде 300-ден астам курсант дауыс берді
Ақтөбеде алғашқылардың бірі болып болашақ ұшқыштар дауыс берді. Әуе қорғаныс күштеріне қарайтын институтының үш жүзден астам курсанты өз таңдауын жасады.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.03.2023
Курсанттар күндегіден жарты сағатқа ерте, таңғы бес жарымда тұрған. Жуынып-шайынып, жаттығудан соң сап түзеп, институт қасындағы орта мектеп ғимаратына келген.
Болашақ ұшқыштар кеше кешкілік өзара депутаттықтан үміткерлер мен партиялардың бағыт-бағдарын талқылапты. Үш жүзден аса курсанттың тек 35-і ғана сайлауда дауыс беруге алғаш қатысып отыр. Бірінші курста оқитын болашақ ұшқыштар сайлау күні қалай өтетінін көруге қызыққанын жасырмады.
Қажымұқан Әшірбек, Т. Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтының курсанты:
- Мен еліміздегі мәжіліс сайлауларына алғаш рет қатысып отырмын. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Өз таңдауымды жасадым. Бүгін ертерек тұрып дайындалып, киініп, сәл толқып, қобалжып ...
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!