{metadescription}
Онлайн-марафон: Саясаттанушылар сайлауды бақылауда
Онлайн-марафон: Саясаттанушылар сайлауды бақылауда

Онлайн-марафон: Саясаттанушылар сайлауды бақылауда

Елордада ауқымды форматтағы «Сайлау 2023» онлайн-марафоны өтіп жатыр. Бас қаладағы Қазмедиа орталығында саясаттанушылар мен есімі елге белгілі азаматтар бүгінгі саяси науқан барысын көрерменмен бірге бақылайды. 

Жанар Мұқанова, Мемлекеттік басқару академиясының орталық жетекшісі:

Негізгі мақсаты, менің ойымша, ол енді сайлау, бүгінгі сайлау қалай өтіп жатқанын түсіндіреді, айтады, көрсетеді. Шешім қабылдамаған азаматтар әлі де сайлауға барам ба, бармайм ба деген сайлаушыларға шешім қабылдауға, яғни өз конституциялық құқығын толық қолдануға мүмкіндік береді. Яғни азаматтарды шақырады деп ойлаймын.

Онлайн марафон бұған дейін жалпыхалықтық референдум және президент сайлауы кезінде де болған. Жоба таңғы сағат тоғызда басталды. Және түнге дейін  жалғасады. Шараның көрігін қыздырған арнайы пікірталас алаңдары болып тұр. Себебі, сәт сайын министрлер мен қоғам белсенділері, депутаттар, өнер жұлдыздары әртүрлі тақырыпты қаузап, өз ойын ортаға салады. Ауқымды шараға, көрерменді қосқанда жалпы саны екі мыңдай адам келген. Таңнан бері салмақты спикерлер: жасанды интеллект, бала тәрбиесі, интернет контентті бақылау, ауылды дамыту, әлемдік миграция және тағы басқа тақырыптарда ой бөлісті.

Әншілер ән салып, әзілкештер көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысып жатыр. Дегенмен басты тақырып бүгінгі саяси науқан екенін қатысушылар естен шығармайды.

Бекболат Орынбеков, Сенат депутаты:

- Кезінде тәуелсіздіктің басындағы мына мажоритарлық жүйеге қайтып келіп отырмыз. Біраз жас азаматтар өзін ұсынып, тізіммен партия атынан келіп жатыр. Халық үлкен үмітпен қарап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде