Қарағандыда 100 жастағы соғыс ардагері сайлауға қатысты
Қарағандыда 100 жастағы соғыс ардагері Сұңғат Сәттіғұлов та сайлауға қатысты. Бұған дейін сайлау учаскесіне аяңдап өзі барып жүрген қазыналы қария бұл жолы үйінде отырып дауыс берді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
19.03.2023
Сұңғат ата 18 жасында соғысқа аттанған. Қолына қару ұстап Берлинге дейін жеткен. Омырауына «Отан соғысы» ордені мен «Ерлігі үшін» медальдерін тақты. Қазыналы қарт осыған дейін дауыс беруге өзі барып жүрген. Биыл денсаулығы сыр беріп, дауыс беру жәшігін ақсақалдың үйіне әкелді. Жақындарының көмегімен таңдауын жасаған ардагер саяси науқанға бейжай қарауға болмайды дейді.
Сұңғат Сәттіғұлов, cоғыс ардагері:
- Әй, қойшы, депутат деген немене, маған көмектесіп жатқан ештеңесі жоқ ,мен неге көмектесемін деп, қазақшылыққа салынады. Оны қойып, жігерлі болып, көмектесіп, бастарыңа игілік әперіп, ел жұрттың алды болуларына тілектеспін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!