Экзитпол: Сайлаудың алдын ала қорытындысы бүгін түнде белгілі болады
Сайлаудың алдын ала қорытындысы бүгін түнде-ақ белгілі болады. Экзитполдың нәтижесі науқан аяқтала сала, арнамыздың түнгі 12-дегі шығарылымында жарияланады. Осы жолғы сайлауда экзитполды Орталық сайлау комиссиясы бекіткен 3 ұйым жүргізуде.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
19.03.2023
Сауалнаманы өткізуге тапсырыс берген — республикалық БАҚ консорциуымы. Нақтырақ, КТК және 31 телеарналар. Сондай-ақ, Zakon.kz пен Informburo.kz. порталдары. Біздің арнамызда "Социс-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметтері айтылады. Нақты уақыты түнгі 12:10-да.
Айгерім Мұрат, "Социс-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының қызметкері:
- Біз сайлау учаскелерінде зерттеу жүргіземіз. Нақтырақ, дауыс беріп қойған адамдарға сауалнама жүргіземіз. Сайлаушылардан қандай партияға дауыс бергенін сұраймыз. Ешкімді мәжбүрлемейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!