{metadescription}
Экзитпол: Төменгі палатадан мандат бұйыратын партиялар ...
Экзитпол: Төменгі палатадан мандат бұйыратын партиялар ...

Экзитпол: Төменгі палатадан мандат бұйыратын партиялар ...

Сайлауға қатысқан жеті саяси ұйым экзитпол нәтижесін өздерінің орталық штабында тамашалады. Алдын ала көрсекіштердің түпкі қорытындыдан айырмашылығы аса көп болмайтынын ескерек, «Байтақтан» басқа партиялардың бәріне Төменгі палатадан мандат бұйырайын деп тұр.

Дегенмен соңғы нәтижені алдағы күндері Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Ал сараптама орталықтарының болжамын партиялар қандай көңіл күймен қабылдады?

Саяси науқанның соңына да таяп қалдық. Халықтың сенімі үшін таласқа түскен жеті партияның бесеуі саясат сахнасында бұрыннан жүрген. Ал соңғы тіркелген екеуі үгіт насихат науқанында шама-шарқы келгенше өзін көрсетіп бақты. Сауалнама нәтижесіндегі алғашқы қорытындысында дауыс беруге барған халықтың 53,33 пайызы «Аманатты» таңдаған.

Ерлан Қошанов, Amanat партиясының төрағасы:

- Қазақстан тарихында тұңғыш рет алты партия еніп отыр. Бес пайызы. Сондықтан бұл деген үлкен жаңалық. Ең бастысы, бұл жеңіс Президент реформаларына деген халықтың сенімі.

«Ауыл төрге шықсын» деп ұрандатқан «Ауыл» партиясы бұл жолы шынымен де төрден көрінді. Дауыстың «Аманаттан» кейінгі басым үлесі осы саяси ұйымның еншісінде. Сауалнама қорытындысы бойынша «ауылдықтар» ел азаматтарының 10 пайызының сенімінен шыққан.

Әли Бектаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- Халық өзінің таңдауын жасады. «Ауыл» партиясына дауыс берген азаматтарға рахмет айтқымыз келеді. "Ауыл" партиясының бұл жетістігі президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың бір көрінісі. Әсіресе жаңа Қазақстандағы әділеттіліктің бір көрінісі деп айтуымызға болады.

Әуелде екінші орынды мақсат еткенімен, тіркеуден өткеніне небары екі ай ғана болған Respublica партиясы «Ақ жолды» артты қалдырды. Exit poll нәтижесі бойынша, ең жас партия 9 пайызға дейін дауыс жинаған. Партия төрағасы сенім артқан жұртшылыққа алғысын айтып, өздері қатысып отырған алғашқы аламанға тәуір көрсеткішке қол жеткіздік дейді.

Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:

- Әрине біздің талабымыз кем дегенде екінші орын болды. Бірақ былай қарасақ, біздің тіркелгенімізге екіақ ай. 18 қаңтарда біздің партия тіркелді, бүгін 19 наурыз. Екі ай бір күннің ішінде осындай жетістікке келгеніміз жақсы көрсеткіш. Біріншіден, бүкіл біздің жақтастарымызға үлкен рақмет. Мың алғыс! Біздің шынайы жұмысымыз 20 наурыздан басталады.

Өзін оппозиция санайтын «Ақ жол» партиясы бұл жолы төртінші орыннан көрінді. Осыған дейін Мәжілісте 12 мандат иеленген ақжолдықтарға төменгі палатаның сегізінші шақырылымында қанша кресло бұйыратыны әзірге белгісіз. Сараптама орталықтарының есебінше, «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлаушылардың 8 пайызының қолдауына ие болған.

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

- Мен алдымен барша ақжолдықтарды, бізді қолдаған сайлаушыларды қазір жариялаған нәтижемен құттықтаймын. Бұл үлкен нәтиже, расында да, біз науқан үстінде талай жұмыс атқардық. Барша аймақтарды аралап шығып, бір атаның баласындай, жұмысымызды көрсетуге тырыстық.

Қазақстан халық партиясының өкілдері сауалнамаға сәйкес 6,93 пайыз дауыс жинаған. Республикалық штаб мүшелері бұл ақпаратты өзінің бас кеңсесінде тікелей эфирден тыңдады. Бастысы, партия мүшелері Парламенттен көрінуге мүмкіндік алғанына дән риза.

Асхат Асылбеков, «Қазақстан халық партиясы» төрағасының орынбасары:

- Exit poll туралы айтты. Оның нәтижесін біз естідік. Президент Тоқаев саяси реформалар бастаған, оның нәтижесін көріп отырмыз. Жалғыз мандаттық округтен жүздеген кандидаттар шықты. Мәжіліске де шықты.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Еуразиялық интеграция институты жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша 5,31 пайыз дауыс жинады. Саяси ұйым төрағасы Асхат Рахымжанов партияның нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді. Бірлестік атынан Мәжіліс депутаттығына 19 кандидат ұсынылған.

Exit poll нәтижесі бойынша «Байтақ» жасылдар партиясы 3,22 пайыз дауыс жинады. Бұл ең төменгі көрсеткіш. Астанадағы бас штабта "Байтақтың" жетекшісі партияластары мен барша жақтастарына алғысын айтып, жұмыс мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде