{metadescription}
Сайлау қорытындысы: Қай партияға қанша орын бұйырады
Сайлау қорытындысы: Қай партияға қанша орын бұйырады

Сайлау қорытындысы: Қай партияға қанша орын бұйырады

Алдын ала сайлау қорытындысы дайын. Енді партиялық тізіммен сайланған және мажоритарлы жүйемен өткен тұлғалар ресми түрде депутаттық мандат алады. Жаңа Мәжіліс қалай жасақталады? Алған дауысына қарай, қай партияға қанша орын бұйырмақ?

Бүгін саяси аламанға қатысқан жеті партия Орталық сайлау комиссиясының ресми қорытындысын құдды тоқсан бағасын күткен оқушыдай асыға күтті. Өйткені нақты пайыз шыққасын, олардың бәрі емес, кейбірі парламент депутаты деген белгі тағады. Сөйтіп жаңа жылды Мәжіліс қабырғасындағы жұмысынан бастайды.

Бір ай бойы үгіт-насихат жұмысымен  ел-жерді аралаған кандидаттардың енді Төменгі палатада жеке кабинеті, көмекшісі, көлігі, депутаттық мандаты болады. Әрине, бұл бақыт бәріне бірдей бұйырмайды. Бірақ көп дауыс жинаған «Аманат» партиясының жарты мүшесі Парламенттен орын алуға мүмкіндік алды. Құрылғанына көп болмаса да, «Республика» партиясы да қалыс қалған жоқ. Сарапшылар "бұл саяси бәсекенің еркін ағынға кеткені" деп бағалайды.

Олжас Бейсембаев, Қоғамдық даму институтының сарапшысы:

- Қанша жылдан бері өзін оппозициялық партия деп, Парламент қабырғасына өте алмай жүрген ЖСДП-ның өзі мына қабырғаға ілініп тұрғаны, «Ауыл» партиясының келгені, кеше ғана тіркелген «Республика» партиясының, кейбіреулер «виртуалды партия» деп бағаламай жатқан «Республиканың» өзі қазір, міне, үлкен күш екенін көрсетіп отыр. Бұл жерде саяси тәжірибе ғана емес, халықтың үнін жеткізе алу, жастардың тамырын баса алу.

Сарапшылардың бұлай қуануының себебі бар. Өйткені өткен 30 жыл ішінде Мәжілісті жасақтау бірнеше рет өзгерді. Былтыр референдумнан кейін депутаттарды сайлау аралас жүйеге ауысқан. Төменгі палатадан ойып тұрып орын алатындардың ішінде өзін-өзі ұсынған, ешқандай партияға кірмейтіні де бар. Олардың саны 29.

Еркін Тоқтарбек, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

- Бір мандатты округтермен қатысу үшін түрлі адамға, азаматтарымызға, белсенділерге мүмкіндік берді. Осы сайлауға үміткер ретінде қатысуға. Әрине, олардың медиаресурсы нақты бір саяси ресурсымен тең болмауы мүмкін. Өйткені бір жағынан Қазақстанның әр жерінен оқырманы болу мүмкін, бірақ сайланатын нақты бір округтен қаншалықты азамат оны қолдайды, бұл басқа сұрақ.

Жаңа Мәжілістің тағы бір ерекшелігі жалпы отырысқа қатысатын депутат саны қысқарған. Енді үлкен залдағы таблоға 107 емес, 98 депутат қатысып отыр деп жазылады.

Жаңа Қазақстанның судай жаңа Мәжіліс мүшелері енді Орталық сайлау комиссиясының ресми түрде құжатын беріп, жалауы бар белгіні кеудесіне тағуын күтеді. Кейін мемлекет басшысы өзі келіп Парламенттің бірлескен отырысында 8-ші сессиясын ашып беруі тиіс. Сайлауалды бағдарламасында сайлаушылардың сеніміне кірген халық қалаулыларының жұмысы көрінетін сәт енді басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде