{metadescription}
Мегаполис халқы сайлауға неге белсенді емес? Сарапшылар пікірі
Мегаполис халқы сайлауға неге белсенді емес? Сарапшылар пікірі

Мегаполис халқы сайлауға неге белсенді емес? Сарапшылар пікірі

Саяси науқанда Алматы электораты тағы көш соңында қалды. Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында Алматы тұрғындарының шамамаен 25,82 пайызы ғана дауыс берген.

Астана мен Шымкентте де сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасағандардың көрсеткіші көңіл көншітпейді. Мегаполистердің халқы саяси науқандарда неге белсенді емес? Сарапшылар не дейді?

Алматыда 1 миллион 202 мыңнан астам тұрғын дауыс беруге құқылы болған. Оларға 602 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Тіпті тіркеуі жоқ тұрғындарға қосымша 56 учаске ашылды. Бірақ қаладағы электорат белсенділігі жағынан әдеттегідей көш соңында қалды. Кешегі саяси науқанда алдын ала мәлімет бойынша шаһар халқының бар-жоғы 25,82 пайызы ғана дауыс берген.

Саясаттанушы Жомарт Сімтіков тіршілігі қыз-қыз қайнап жататын ірі қалада халықтың саяси белсенділігі төмен болатыны қалыпты құбылыс дейді. Біріншіден, мегаполистерде тұрғындардың дені тіркелген жерінде тұрмайды. Екіншіден, алып шаһарларда кәсіппен айналысатын және әлеуметтік жағдайы жақсы адамдардың үлесі басым екенін жеткізді.

Жомарт Сімтіков, саясаттанушы:

- Ірі мегаполистер қатты белсенділік көрсете алмайды. Мегаполистердің жалпы санын алып қараған кезде, ол жерде тіркеуде тұратын азаматтардың көбі сырттан, қала сыртынан болады. Ауылдағы адамдардың көпшілігі шешілмеген проблемалардың шешілгенін қалайды. Ал қалада әлеуметтік жағынан да жоғары. Алматы сияқты ірі қаланың сайлауға келу белсенділігінің төмен болуы бұл жасандылықтың болмағанын байқауға негіз бар.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінен үш ірі қаланың көрсеткіші өте төмен екенін көруге болады. Астана мен Шымкентте дауыс беруге құқылы қарашаның 50 пайызы да өз таңдауын жасамаған. Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай жұртының белсенділігі жоғары болды. Жалпы еліміздегі сайлаушылардың 54,19 пайызы, яғни алты жарым миллион адам учаскеге барып, бюллетень алған. 

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев дамыған һәм демократиялық мемлекеттермен салыстырғанда бұл жақсы көрсеткіш деп отыр. Ол қарашаның көбі парламенттен гөрі президент сайлауынан қалыс қалмауға тырысады деген пікірде. Одан бөлек, елімізде жастардың үлесі артқан. Ал олардың көбі саяси аламанға селқос қарайды дейді ол. 

Ғазиз Әбішев, саясаттанушы:

- Кешегі сайлаудағы қазақстандықтардың белсенділігіне жақсы деген баға беремін. Менің ойымша, бұл саяси додаға сынға түскен партия мүшелерінің арасынан танымал әрі жаңа адамдар көп болды. Бәлкім, бұл да өз әсерін берген шығар. Жалпы, кез келген сайлауда бюджеттік, мемлекеттік қызметкерлер мен зейнеткерлер белсенді. Ал жастардың көбі дауыс беруге бармайды.

2021 жылғы парламент сайлауында елдің 63,1 пайызы азаматтық борышын орындаған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде