Арысқа ағып кеткен бес жасар қыз табылмай жатыр
Түркістан облысында өзенге ағып кеткен қаршадай қыз іздестіріліп жатыр. Еңбек ауылында ойнап жүрген бес жасар Нұрикамал Арыс өзеніне түсіп кеткен. Оның суға құлағанын өзінен бір жас үлкен әпкесі көріпті.
Автор: Бек Әбиев
20.03.2023
Суға ағып кеткен қыз үш тәуліктен бері табылмады. Іздеу жұмысына аудан мен облыстың құтқарушылары жұмылдырылған. 150-ге жуық ауыл тұрғындары да Нұрикамал Нұрхатқызын іздеуге атсалысуда. Өзен бойын иісшіл итпен тінтісе де, ешқандай із табылар емес. Іздеуге кеше жауған жаңбыр да кесірін тигізген. Балақайдың туыстары көрші ауданнан қосымша күш тартуды сұрап отыр. Ал құтқарушылар ағысы қатты Арыс өзенін сүзіп шығу қиын екенін айтады.
Талғат Досалиев, Түркістан облысы ТЖД басқарма басшысы:
- Әзірге іздеу нәтижесіз. Арыс өзені таудан бастау алады. Қазір секундына 50 текше метр су өтіп жатыр. Ағысы өте қатты және иірім жері өте көп. Осыған байланысты іздеу жұмыстарын қиындатып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!