{metadescription}
Ақтөбе облысында тасқыннан бүлінген үйлерді комиссия тексеріп жатыр
Ақтөбе облысында тасқыннан бүлінген үйлерді комиссия тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында тасқыннан бүлінген үйлерді комиссия тексеріп жатыр

Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданында комиссия тасқыннан бүлінген үйлерді тексеруге кірісті. Олар баспаналардың тұруға жарамдылығын анықтап, шығын көлемін есептейді.

Бұған дейін Қобда ауылындағы су басқан үйлердің иелеріне әкімдіктен бір реттік қаржылай көмек көрсетілген. Жер қарайған соң, 24 үйді жаңадан тұрғызбақшы. Қазір үш үй құлап, төрт баспананың қабырғасы опырылып түсіпті. Әлі 17 үй су астында тұр. Қобда ауданындағы Байтақ пен Жарық ауылдары жарықсыз отырғанына аптадан асты.

 Ойыл ауданындағы Қаратал ауылында бес үйді су басқан. Тағы 25 үйдің ауласы суға көлкіп тұр. Тұрғындар ішіне су кірмесе де, іргетасы мүжіліп, ылғалдан сыз тартқан баспана тұруға жарамсыз дейді. Сондықтан тексеруге шыққан комиссия соны мұқият қадағаласа деп отыр.

Асқар Қазыбаев, Ойыл ауданының әкімі:

- Бес тұрғын үйге су кірген, 25 ауланы су шайды. Бүгін арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Қазір қауіп сейілді, жағдай қалыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.