Теміртауда техногенді төтенше жағдай жарияланды
Теміртауда техноген сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Өткен аптада қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 7 адам зардап шеккен. Ал сол кезде жарақат алған 70 жастағы кейуана кеше көз жұмды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
20.03.2023
Жарылыс үшінші қабаттағы пәтерде болған. Артынан от шығып, үйдегі екі зейнеткер оңбай күйіп қалған.Ал 2 мен 7 жас аралығындағы бес балаға ыс тиіпті. Қазір балалар үйде емделіп жатыр. Жансақтау бөліміне жеткізілген екі әйелдің денесінің 80 пайызын күйік шалған. Оның бірі кеше көз жұмып, екіншісі әлі ауыр хәлде жатыр. Осы жарылыстан кейін пәтерлердің қабырғалары бұзылған. Сондықтан подьездегі 25 тұрғын үйден шығарылып, ғамаратты тексеру басталды. Олардың баспанасына қашан оралатыны әзірге белгісіз. Себебі, көпқабатты үй тұруға жарамсыз дейді шенеуніктер. Сондықтан бюджет есебінен бүтінделеді.
Владислав Цай, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:
- Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша үшінші подъездегі пәтерлердің қабырғалары мен төбесі жарылған. Теміртау қаласы әкімі төтенше жағдай жариялау шешімін шығарды. Жөндеу бюджет есебінен жүргізіледі. Тұрғындарға да материалдық көмек беру қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!