Риддерде төтенше жағдай – жылу электр орталығы жарылған
Риддерде төтенше жағдай жарияланды. Қаладағы жылу электр орталығы жарылып, 80 шаршы метр аумақ қираған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
24.03.2023
Қазір қазандықтарға көмір беру қалпына келтірілді. Дегенмен арнайы комиссия құрылып, жарылыстың нақты себеп-салдары тексеріліп жатыр. Ал қыстан қалтырап шыққан тұрғындар тағы да жылусыз отыр. Себебі, жылу орталығындағы алты қазандықтың тек екеуі ғана істеп тұр. Қалған төртеуінде жөндеу жүргізіліп жатыр.
Былтыр күзден бері Риддердегі жылу орталығында 67 рет апат болған. Әбден тозығы жеткен нысанды әкімдік коммуналдық меншікке өткізбекші.
Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:
- Станцияның барлық басқаруын өзімізге алуға мәжбүрміз. Мәселеден шығудың жалғыз жолы – жылу орталығын коммуналдық меншікке сатып алу. Біз осы бағытта заңға сәйкес жұмыс істейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!