{metadescription}
Amanat партиясына Мәжілістен 62 мандат бұйырды
Amanat партиясына Мәжілістен 62 мандат бұйырды

Amanat партиясына Мәжілістен 62 мандат бұйырды

Мәжілістегі 98 мандаттың 62-сі «Аманат» партиясына бұйырды. Қалғанын басқа бес партия мен мажоритарлық жүйемен өткен депутаттар өзара бөліскен. Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын қорытындылады. 

Төменгі палатаға өткен 6 партия орындарды былай бөліскен. Amanat-та 40 мандат. Сайлауда олар 53,90 пайыз дауыс жинаған болатын.

Одан кейінгі орында халықтың 10,90 пайыз қолдауына иеболған "Ауыл" партиясы. 20 жыл бұрын құрылып парламентке енді келген партияға 8 орын бұйырды.

Екі ай бұрын ғана әділет министрлігіне тіркелген республикалықтардың алты мүшесі, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрт мүшесі депутат болады. Бұл екі партия сәйкесінше, 8,59 және 5,2 пайыздан дауыс жинаған.

Сайлаушылардың 6,8 пайызы қолдаған Қазақстан халық партиясында бес мандат. Ал осыған дейін он екі мандаты бар «Ақ жол» партиясының саны алтауға қысқарған. Өйткені "Ақ жол" жинаған дауыс 8,41 пайыз. Саяси додаға қатысқан жетінші партия – "Байтақтың" 5 пайыздық межеден аса алмағаны белгілі. Партиялардан бөлек, мажоритарлы жүйемен өткен депуттар да бар. Олардың саны – 29. Сол 29 депутаттың 22-сі Amanat партиясының мүшесі.

Мұхтар Ерман, ОСК мүшесі:

- Жиырма екі депутат «Аманат» партиясының мүшелері. Жетеуі өзін ұсынған тұлғалар. Бір мандатты округтен сайланған депутат Мәслихат болсын, Мәжіліс болсын, егер сайлаушылар сол территорияның халқы, сол облыстың тұрғындары, депутаттық жұмысына наразы болатын болса, егер депутат мырза халыққа берген уәдесінде тұрмаса, өзі ұсынған сайлауалды бағдарламасын орындамаса, депутатты кері алу мүмкіндігі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде