{metadescription}
Ақтауда үш баласын өлтірген әкенің әрекетіне қатысты болжамдар
Ақтауда үш баласын өлтірген әкенің әрекетіне қатысты болжамдар

Ақтауда үш баласын өлтірген әкенің әрекетіне қатысты болжамдар

Ақтауда үш баласын пышақтап өлтірген әке есірткіге тәуелді болуы мүмкін. 37 жастағы күдікті жат ағымның да жетегінде жүрген дейді куәгерлер. Ал бейкүнә балалар әкесіне каникул кезінде қыдырып келіпті. Себебі: ерлі-зайыптылар ажырасып, балалары анасымен бірге Атырауда тұрған.

Қанды қылмысқа қатысты түрлі болжам бар. Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр.

Қанды қылмыс болған пәтер. Қазір бұл маңнан өтуге көршілері де үрейленіп қалған. Өз әкесі айуандықпен өлтірген 12, 9 және 7 жастағы бейкүнә балалардың ойыншықтары есік алдында жатыр. Көршілерінің айтуынша, жігіт бұл үйде отбасымен тұрмаған. Үйді сатып алып, ішіне жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан. Сондықтан оны тек анда-санда көретін едік дейді. Ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен екен. Әйелі балаларымен Атырауда тұрған. Үш баласы көктемгі каникулда әкесіне қыдырып келген. Оларды соңғы рет есік алдында отырған көрші қария ғана көріпті.

Ұлсын Ақбергенова, көршісі:

- Осы арада отыр едік, далаға шығып. Анау жерден таксиден түсті. Үш бала, сақалы бар жігіт. Түсті де, мына жерден өтті. Екі қыз да хиджаб киген. Кішкентай екі қызы. Сосын бір ер баласы бар артында. Барды да, мына подъезге кіріп кетті. Оны танымаймын мен, кім екенін. Сол, артынан біліп жатырмыз. Өлді дегенді естідік.

37 жастағы күдіктінің қанды қылмысқа неге барғаны белгісіз. Бірақ алып-қашпа әңгіме көп. Бірі Атырауда жұмыс істейтін әйелі алимент талап еткен десе, енді біреуі есірткі шегіп алып қолын қанға малған дейді. Тіпті балаларын өлтірген соң, видеоға түсіріп, ұрсысып қалған әйеліне жіберген көрінеді. Бұл қауесеттің бәрін полиция тексеріп жатыр.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтіру дерегі бойынша 36 жастағы әкесі ұсталды. ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.  

Өз балаларын өлтірген әкенің зұлымдығы дүйім елдің зәре құтын қашырды. Мұндай жағдай қайталанбас үшін отбасылық зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жазаны күшейту керек дейді маңғыстаулық аналар кеңесінің мүшелері. Тіпті мектептегі психологтар ата-анасы ажырасқан балалардан сауалнама алып, отбасылық кикілжіңді білім мекемелері мен құзырлы органдар біліп отыру керек деген пікірде.  

Гүлмира Әбішева, Маңғыстау облысы Аналар кеңесінің мүшесі:

- Балаларға зорлықзомбылы жасағандарға заң күшейтілсін. Біздің талабымыз осы және де көбісі жазып жатыр, бұл қылмыс жасаған жігіт жат ағымның жетегінде кеткен деп. Ал ислам дінінде адам тұрмақ, құмырсқаның өзіне қиянат жасауға болмайды. Осының бәрін ескере келе, менің мынадай ұсынысым бар. Құқық қорғау органдары бар, білім саласының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар бірлесіп, ажырасып кеткен азаматтардың балаларын және де осындай жат ағымның жетегінде кеткен азаматтарды тізімге алу керек және де ол балалар мемлекеттің, қоғамның бақылауында болу керек.

Мұндай қанды қылмыс Маңғыстауда бірінші рет істелініп жатқан жоқ. Былтыр қыста Мұнайлы ауданында да 38 жастағы қаскөй алдымен үш баласын асып өлтіріп, артынша өзіне қол салған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде