Ақтөбе облысының Алға ауданын су басты
Ақтөбе облысының тағы бір ауданын су басты. Қырдан аққан қызыл су Алға ауданындағы екі көпірді бұзып, төрт ауылмен қатынас үзілді.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.03.2023
Қарағаш ауылының тұрғындары қазір аралда қалғандай күй кешіп отыр. Арғы бетке тек қайықпен қатынайды. Сондай-ақ Қарақұдық, Ақсазды, Самбай ауылдарындағы көлік жолы да жабық. Әкімдіктегілер ауыл тұрғындарымен бірлесе айналма жолды қалыпқа келтіруге тырысып жатқанын айтады.
Ал осы төрт ауылды облыс орталығымен жалғап жатқан Қарақұдық пен Мамбай көпірлерін су шайып кеткен. Енді ылғал деңгейі түспей, оны қалпына келтіру қиын. Бұл өткелдерге күрделі жөндеу былтыр ғана басталған. Шенеуніктер тендерді жеңіп алған компания биыл толық жаңалап, құрылысты аяқтайды деп сендірді.
Айбек Қайыр, Ақтөбе облысы жолаушы көлігі және автокөлік жолы басқармасының басшысы:
- Құрылыс монтаж былтыр басталған. Биыл аяқталады. Мердігер мекемеге нақты қаражат қарастырылған. Биыл ол жұмысты аяқтау жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!