Трамадол дәрісі есірткі қатарына енгізілді
Осыған дейін емін-еркін сатылып келген трамадол дәрісі енді есірткі қатарына енгізілді. Бұдан былай трамадолды тек арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады. Ал алушыға міндеттті түрде дәрігердің нұсқаулығы керек.
Автор: Әзиза Төленби
27.03.2023
Трамадол – психотроп анальгетик боп есептеледі. Яғни қатты ауруды сезбеу үшін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Көбіне препаратты тек онкология ауруы бар науқастарға береді. Енді денсаулық сақтау министрлігі дәріні есірткі құралдарының тізіміне енгізіп отыр.
Аталған дәрі-дәрмекті лицензиясыз сатқандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Жазаның ауырлығы дәрінің мөлшеріне қарай анықталады. Мысалы, 0,1 грамға дейін аз мөлшер, 10 грамға дейін – ірі, ал одан жоғары аса ірі көлемде болып саналады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!