{metadescription}
ІІМ: Бөлшектеп әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы
ІІМ: Бөлшектеп әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы

ІІМ: Бөлшектеп әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы

Заңдастыру жалғасып жатыр. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына өтіп үлгерген көліктерді тіркеу рәсімі қарқынын бәсеңдетпеген. 23 қаңтар мен 26 наурыз аралығында 69 мыңнан астам автокөлік Қазақстан нөмірін алған. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

69 мың көліктің 67 пайызы Ресей Федерациясынан, 19 пайызы – Армениядан, шамамен 10 пайызы Қырғызстаннан және 2 пайызы Грузиядан жеткізілген.

Барлық өтініш Халыққа қызмет көрсету орталығы мен электронды сервис арқылы қабылданады. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы өтініш тастауға болады. Ішкі істер министрлігі көпшілік аузында жүрген бөлшектеп әкелінген автокөліктерді заңдастыруға қатысты да соңғы жаңалықпен бөлісті.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

- Қазір ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Аталған жоба талқылаудан өтті. Қазір біз оны қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін Үкіметке енгіземіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде