{metadescription}
Ит асыраушыларға – жаңа ереже
Ит асыраушыларға – жаңа ереже

Ит асыраушыларға – жаңа ереже

Ит асыраушыларға – жаңа ереже. Енді далаға үй жануарын тұмылдырықсыз жіберуге тыйым салынады. Ал серуенге алып шыққанда қарғы бауы екі метрден ұзын болмауы тиіс. Тек пәтер ішінде немесе жер үйдің жабық ауласында ғана итін еркін жіберуге рұқсат. Бұл тәртіп иттің 59 түрлі тұқымына және үш айдан асқан күшігіне де қатысты.

Экология министрлігі бекіткен ереженің негізінде шығарылған шешім 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға салынады. Осы орайда алматылықтардың пікірі қақ жарылды. Бірі ит қабу дерегі азаяды деп қуанса, ал ит асырап отырғандар бұл шектеулерге қарсы петицияны жаза бастаған. Жаңа ережеде тағы қандай талаптар қамтылды?   

Жаңа ереже күшіне енсе, иттің үлкен-кішісіне қарамай, 59 түрлі тұқымы мен үш айдан асқан күшігіне тұмылдырық кигізу міндеттеледі. Алайда қала тұрғыны Светлана Худякова бұл ереже иттерді сән мен ермек үшін асырайтындарға қатысты болса екен дейді.

Светлана Худякова:

- Итімізге тұмылдырық кигізу мәселесі алаңдатып отыр. Менің асырауымда  тұқымы араласқан иттер бар. Иттерді жүгірту сияқты жарыстарға қатыстырамын. Жаңа ереже қызметтік және спорттық иттерге қатысы болмаса екен деген тілегім бар. Өйткені олар алаңда дайындықта жүріп қозғалса, еркін тыныстауға тиіс. Керісінше келетін қауіптің барлығы итті ермек пен өзіне серік етіп асырайтындар үшін.

Талап бойынша қала тұрғындары үй жануарын кинологиялық және фелинологиялық ұйымдарда тіркеуге міндетті. Бұл ит-мысықты бақылаусыз өсіруге жол бермеу үшін қажет екен. Мәселен, жаңа ереже жарияланғанын естіген жұртшылық сол күні-ақ зоодүкенге қарай ағылған.

Алина Янгулбаева:

- Соңғы күндері сұраныс артты. Хs кішкентай өлшемдегі тұмылдырық бұған дейін мүлдем өтпей тұратын. Қазір бәрін талап әкетіп жатыр. Айтуларынша, талап бойынша Йорк, Шпиц сынды күшіктерге дейін тұмылдырық тағылу міндеттеліпті. Әйтпесе әкімшілік жаза қарастырылған. Күніне 10нан аса ұсыныс түсіп жатыр, тек тұмылдырыққа. Бағалары 2 мыңнан басталып, 6-7 мыңға дейін.

Бұған қоса аудан әкімдіктер үй жануарын серуендетуге болмайтын орындарға тиісті маңдайша орнататын болады. Жануармен кіруге тыйым салынған орындардың жанына байланған иттің қарғы бауы 1,5 метрден аспауға тиіс. Ал далада жетектеп жүргенде екі метр ғана болуы шарт. Осылайша министрліктегілер түзету енгізудегі басты мақсат – халық қауіпсіздігі екенін айтады.

Ринат Есмағұлов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі басқармасының бас сарапшысы:

- Ерекше күтімді талап ететін, асыл тұқымды иттердің шатысы мен ірі тұқымсыз иттерге тұмылдырық кигізу міндеттеледі. Бойы 56 сантиметрден жоғары, салмағы 30 келіден асуға тиіс. Бұйрықта көрсетілген талап орындалмаса, «ҚР жануарға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу» деген 407-бабы, 2-ескертуі бойынша, жеке тұлға 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл - 34 500 теңге.

Үй жануарын сыртта серуендетуге қатысты жаңа ереже мамандарды да алаңдатып отыр. Кинологтар тұмылдырықты үй күзететін иттерге тағу керегін ұсынады. Өйткені адамдарды қауып жатқандар да солар дейді.

Александр Боднар, кинология орталығының директоры:

- Мәселен, сәнге асыраған Йорк, Чихуахуа сынды күшіктерден төнер қауіп жоқ. Оларға тұмылдырық тағуға тыйым салынған. Тіпті дем ала алмай жағдайы нашарлап кетуі мүмкін. Ал күзет немесе қорғаныс қызметіндегі алабай, Кавказ овчаркасына көшеде, қоғамдық орында тұмылдырық кию міндеттелгені өте дұрыс.

Ережеде ит-мысықты сойып, азық ретінде өсіріп-баптауға қатысты да тыйым бар. Жауаптылар үй жануарына қатысты ереже егжей-тегжей 6 сәуірге дейін талқыланады деп отыр. Сондай-ақ бұл мәселенің қайта көтеріліп, түзету енгізілуіне соңғы уақытта адамдарды иттердің талап жатқаны басты себеп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде