{metadescription}
Гиннесс рекорды: Шымбұлақ – әлемдегі ең биік түнгі тау трассасы
Гиннесс рекорды: Шымбұлақ – әлемдегі ең биік түнгі тау трассасы

Гиннесс рекорды: Шымбұлақ – әлемдегі ең биік түнгі тау трассасы

Тағы да рекорд! Бұл жолы Шымбұлақ тау-шаңғы курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Елімізде ғана емес, дүниежүзі бойынша алдынғы орынға шыққан ең ұзын сырғанау жолы теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктікте.

Бұған дейінгі меже 3100 метр болған. Сертификат табыстау рәсімі Шымбұлақтың ең жоғарғы нүктесінде ұйымдастырылды. Тау шыңындағы тарихи сәтке, яғни жаңа көрсеткішті тіркеуге Лондоннан Гиннесс рекордтар кеңсесінің төрешісі Шейда Субаси арнайы келген. Барлығын егжей-тегжей тексерген ол сырғанау жолағының бар талапқа сай жасалғанын айтады. Яғни биіктігі мен ауа қысымы, заңды құжаттары қатаң тексерілген. Бұдан бөлек, Халықаралық шаңғы федерациясынан да сонда ресми тіркелгені туралы құжат сұратылыпты.

Шымбұлақтың ең биік нүктесінен түнгі уақытта шаңғы тебу 2021 жылдың қарашасында басталған. Ол үшін төрт шақырымдық жол жарты жылда салынып бітіпті. Бастапқыда келушілер саны 50 мыңнан асқан. Ал биыл бұл көрсеткіш 10 пайызға көбейіп, 55 мыңнан астам турист тіркеліп отыр.

Шейда Субаси, Guinness World Records төрешісі:

- Рекорд орнату үшін Шымбұлақ тау шаңғы курортының арнайы мамандар арқылы биіктігін өлшедік. Екі куәгер осында қысым өлшейтін және геодезист мамандарының жұмысын қадағалады. Сондайақ инструктор арқылы шаңғы тебу жолағын сынақтан өткіздік. Барлығы Гиннесс рекордтар кітабының талабына сай. Осылайша Шымбұлақ әлемдегі ең биік түнгі тау трассасы ретінде рекорд жаңартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде