{metadescription}
Елімізде еуроға сұраныс неге артты
Елімізде еуроға сұраныс неге артты

Елімізде еуроға сұраныс неге артты

Елімізде еуроға сұраныс артты. Ұлттық банктің мәліметінше, ақпан айында валюта айырбастау орындарында 37 млрд теңгеге еуро сатылған. Бұл көрсеткіш өткен айлармен салыстырғанда екі-үш есеге көп. Экономистер мұны бағамы құбылып тұрған долларға халық сенімінің азаюымен байланыстырды.

Мақсат Сералы, экономист:

- Еуро әр түрлі экономикалық жағдайларға қарамастан ішкі нарықтағы өзіндегі база мөлшерлемесін көтерген жоқ. Қазір еуро салыстырмалы түрде қарағанда тұрақтылық көрсетіп тұр. 20 теңгеге төмендеп, 10 теңгеге көтеріліп тұрған долларға деген тұрақсыздық еуроға деген сұранысты көбейтіп жатыр. Басым қаражатын 80 пайыз доллармен ұстап келетін азаматтар басқа да валютаны қарастырып жатыр.

Бас банктің дерегінше, өткен айда еуро Алматы, Астана, Шымкент сынды ірі қалалар мен Қызылорда, Түркістан облыстарында өте көп сатылған. Қор биржасында бүгін еуро бағамы 494 теңге 84 тиын.

 Ал доллар соңғы тәулікте шамамен 4 теңгеге арзандап, 455 теңгеге түсті. Бір рубль 6 теңгені құрады.

 Экономистердің айтуынша, АҚШ-та қаржы дағдарысы қылаң бере бастаған. Екі апта бұрын Американың екі бірдей ірі банкі банкротқа ұшырап, жабылып қалған болатын. Бұл биржадағы жағдайды шатқаяқтатып, инвесторлар арасында үлкен дүрбелең туғызған. Сарапшылардың болжамы бойынша Федералды резервтің пайыздық мөлшерлемені тым көтеріп жіберуінен мұхиттың арғы бетінде талай қаржы ұйымы тығырыққа тірелді. Бұл, әрине, шетел валютасының бағамына да тікелей әсер етеді. Ақша айырбастау орындарында қазір ешқандай қарбалас байқалмайды. Еуроға деген сұраныстың артуы уақытша құбылыс дейді Қазақстан ақша айырбастау пункттері қауымдастығының төрағасы.

Аршын Ғалымбаев, Қазақстан ақша айырбастау пункт  қауымдастығының төрағасы:

- Халық жаппай еуро валютасын алып жатқан әңгіме жоқ. Иә, өзге валютамен салыстырғанда сұраныс артқаны рас. Бірақ бұл уақытша деп ойлаймын. Ақша айырбастау орындарында былтырғыдай қарбалас жоқ. Елімізде жүрген Ресей азаматтарының да саны азайған. Барлығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.