{metadescription}
Ақтөбе облысының Қобда ауылында 14 үй мен мектеп суда қалған
Ақтөбе облысының Қобда ауылында 14 үй мен мектеп суда қалған

Ақтөбе облысының Қобда ауылында 14 үй мен мектеп суда қалған

Ақтөбе облысының Қобда ауылында 14 үй суда қалды. Жергілікті билік жер кеппейінше, бұл баспана иелеріне шығынды есептеп бере алмаймыз дейді. Ал аудан орталығындағы басқа әлеуметтік нысандарға сарапшылар келіп кеткен, бірақ ешкім мектеп пен спорт кешенінің жұмысын қайта қашан бастайтынын нақты айта алмай отыр.

Соның салдарынан ауыл балалары төртінші тоқсанды өзге мектептерде оқиды. Төртінші тоқсан басталғанымен, Қобда ауылындағы мектеп-гимназиясының ауласында бірде-бір оқушы көрінбейді. Тасқыннан кейін ғимарат қабырғасы сетінеп, едені отыра бастапты. Сондықтан мектеп ішіне кіруге тыйым салынған.

Марал Айтжанова, Исатай Тайманов атындағы гимназия директоры:

- Мектепте асхана, дәретхана жақта қабырға қисайып, қазір апатты  жағдайда тұр. Сарапшылар келіп кетті. Бірекі күнде хабар күтіп отырмыз.

Гимназияның 300-ден аса оқушысын ауылдағы басқа екі мектепке бөліп жіберіпті. Төртінші тоқсанды балалар сонда оқитын болады. Ал тасқын кезінде суда қалған спорт мектебінің тас-талқаны шыққан. Жаттықтырушылар су болған дүние-мүлікті сыртқа шығарып кептіріп жатыр. Жертөлеге жиналған суды екі апта қатарынан сорғызғанымен, су деңгейі түсер емес.

Ольга Жәнібекова, Қобда ауданы спорт мектебінің директоры:

- Кафель, бәрі бүлінді бірінші қабатта. Спортзалда футбол, волейбол ойнайтын және өздеріңіз көріп отырғандай, бассейн толайым суға кеткен, екі жарым метр биіктігі жертөле суға кетті. Адамдар келіп жатыр. Оның бағасын бір апта ішінде береміз дейді.

Тасқыннан Қобдадағы 100-ге жуық үй бүлінген. Ағаш шебері Тіршілік Аятхан құлаған үйінің үйіндісін тазалап жүр. Шеберханасының түгі қалмаған. Шығынын есептеп, бағалаушылар келіп кетіпті.

Тіршілік Аятхан, Қобда ауылының тұрғыны:

- Су толып кірген. Белуардан келді. Мына жерде қосалқы үйім бар болатын. О да аздап кәсібім еді. Бос уақытта жиһаз жасаумен айналысамын. Сосын қорақопсы бар. Соның бәрі суға кетті. Жалаң саманнан жасалған. Су келетінін білмейміз. Соның ішіндегі заттарым бар, бәрі құлап қалды.

Қырдан аққан қызыл су Қобда ауылын екі апта бұрын басып қалған еді. Көлкіген судан мұндағылар әлі құтыла алмай жатыр.

 Қобда ауылының шетіндегі 14 үй әлі су астында тұр. Екі үйдің қабырғасы ылғалдан сөгіліп құлап қалған. Шығынын есептеуге бағалаушылар келмеді. Жер кеуіп, құрғағанын күтіп отыр.

 Қобда мен Ойыл ауданында тасқынға қатысты жарияланған төтенше жағдай әлі сақтаулы. Бұл қауіп әлі сейілмеді дегенді білдіреді. Шененіктер шығынға қатысты алғашқы есепті, кем дегенде келер аптада ғана жариялаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.