{metadescription}
Қарағандыда заңсыз үйлердің құрылысы тоқтатылды
Қарағандыда заңсыз үйлердің құрылысы тоқтатылды

Қарағандыда заңсыз үйлердің құрылысы тоқтатылды

Қарағандыда сот шешімімен көп қабатты жеті үйдің құрылысы тоқтатылды. Себебі: баспаналар заңсыз салынған.

Ереже бойынша олар құрылысты бастамас бұрын нысан жобасын сараптамадан өткізуі керек. Сондықтан құрылыс басқармасы олардың әрі қарайғы жұмысына шектеу қоюды сұрап сотқа арызданды. Сот әзірге 7 нысанның жұмысын тоқтатты. Олардың арасында 9 қабатты екі баспана салынып қойған. Тағы осындай үш нысанның ісі сотта қаралып жатыр. Енді осы баспаналар арнайы техникалық сараптамадан өткізілуі керек. Бұл шартт орындалмаған жағдайда құрылыс ары қарай жүргізілмейді. Тіпті сүрілуі де мүмкін.

Гүлбахрам Мұқашева Қарағанды облысы сәулет, құрылысты бақылау басқармасының бас маманы:

- Егер техникалық тексеру қорытындысында құрылыс нормасына  сәйкес салынған, қолданысқа жарамды деген шешім шықса, ол әрі қарай құрылысын жалғастыра алады. Ал егер қолданысқа жарамсыз дейтін жағдайда, онда әрі қарай сот арқылы сүрілуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде