{metadescription}
Атырау тұрғындары өткір иістен тұншығып жатыр
Атырау тұрғындары өткір иістен тұншығып жатыр

Атырау тұрғындары өткір иістен тұншығып жатыр

Атырау тұрғындары тұншығып жатыр. Қалаға жайылған жағымсыз иістен халық түнімен ұйықтай алмаған. Қолқаны қабатын өткір иіс дала түгілі, үй ішіне кіріп тынысын тарылтқан. Шошынған жұрт таң атысымен экология депаратаментіне ағылып, шетінен шағым жазып жатыр. 

Ауада күкірт сутегінің көлемі шектік межеден үш-төрт есеге асып кеткенін экологтар да айтып отыр. Жағымсыз иістің неден таралғанын КТК тілшісі анықтап көрді.

Атырау қаласының тұрғындары бірнеше күннен бері сасық иіске тұншығып отыр. Алайда бүгін түнде тіпті күшейіп, дала түгілі, үй ішінде тыныстау мүмкін болмай қалды. Қолқаны қабатын өткір иіске тұншыққан жұрт таң атысымен экология департаментіне барып шағым жазып жатыр. 

Қарлығаш Құдайбергенова, Атырау тұрғыны:

- Біз қаланың ауасын қадағалауды талап етеміз. Қалада таза ауа жоқ. Күкіртсутегі шектен асты. Бұл Атырау мұнай және газ өңдеу зауытынан шығып жатқан иіс деп ойлаймыз. Мен өзім химикпін. Қаланың ауасын күнде бақылап отырмын. Нормадан үштөрт есе асып тұр. Сұмдық қой! Халықтың денсаулығын құртып жатыр.

Экология департаментінің мәліметінше, бүгін ауадағы күкіртсутегінің көлемі шектік нормадан үш-төрт есеге көтерілген. Ал жағымсыз иіс жел бағытымен  қала сыртындағы булану алаңынан келіп жатыр дейді шенеуніктер.

Әлібек Бекмұхамбетов, Атырау облысы экология департаментінің басшысы:

- Бүгінгі жел бағыты солтүстік батыстан, яғни ол булану алаңы –  Квадраттан. Күкіртсутек көрсеткіші мобильді қосымшада, қаладағы орнатылған стансалардағы көрсеткіш 20 фактідан асқан ПДК көрсетіп тұр. Жалпы иіс булану алаңы – «Квадрат». Бүгінгі иіс сол жерден.

Алайда қала тұрғындары бұған сенбейді. Олар ауаға тарап жатқан  күкіртсутегі тек булану алаңдарынан емес, Атырау мұнай және газ өңдеу зауытынан шығып жатыр деп күдіктенеді.

Таңат Нұрымов, Атырау тұрғыны:

- Қазіргі айтып отырған уәждері әкімдіктердің де, экология департаментінің – шындыққа келмейді. Себебі, күнделікті төгіп отырған су көлемі белгілі. Бүгін 5 литр, арғы күні 5 литр . Ол иіс ешқашан өзгермейді. Жел тұрсын, күн ысысын, иіс бір қалыпты тұруы керек. «Квардат» екеніне сенбеймін. Мысалы АНПЗ ішіндегі бүкіл цехтың бәрі бірінші цех біреудікі, екіншісі біреудікі, тазалау басқанікі. АНПЗ бүтін мекеме емес, ол ыдырап кеткен мекеме. Әрбір адамның қолында кеткен.

Қаланың оң жақ бөлігінің кәріз суы төгілетін бұл аумақ 500 гектар жерді алып жатыр. Тұрғын үйлердің ғана емес, ірі компаниялар да лас суын төгетіндіктен, көлемі жылдан жылға ұлғайып, жел тұрса қолқаны қабатын жағымсыз иіс қаланы басып қалады. Бұл булану алаңын рекультивация жасау жұмысы биыл басталған. Толық тазарту 2024 жылы ғана аяқталады.

Атыраулықтарды дүрліктірген өткір иісті санитарлық дәрігерлер де «Квадрат» булану алаңынан екенін айтты. Алайда олар ауадағы шамадан төрт есеге асып түскен күкірсутегінің адамға қаншалықты зиян екенін ашып айтпады. Сынама қорытындысын күтеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде