{metadescription}
Алматыда күн жылына сала, 48 адамды кене шаққан
Алматыда күн жылына сала, 48 адамды кене шаққан

Алматыда күн жылына сала, 48 адамды кене шаққан

Кенеден төнер қауіп көп. Алматыда күн жылынғалы қансорғыш жәндіктер қаптай бастады. Тек бір айдың өзінде зиянкестер 48 адамды шағып үлгерген. Олардың жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі балалар.

Әзірге кене шаққан жері асқынып ауруға ұласқан жайттар тіркелмепті. Осы орайда эпидемиологтар халықты қарапайым сақтық шарасын сақтауға  шақырады. Көкке, не тауға шыққанда үстіңді толық жауып тұратын киім кию керек. Денеңнен кене табылса, дереу дәрігерге бар. Әйтпесе сіріңкенің ұшындай ғана зиянкестен тарайтын энцефалит пен кене боррелиозы дерті адамды өмір бойына мүгедек етуі мүмкін.

Биыл залалсыздандыру жұмысы ертерек басталады. Ертең таң атпастан дезинсекция бригадасы сегіз орман алқабы мен 144 саябақтағы жасыл желекке дәрі шашуға шығады. Препараттың адам ағзасына зияны жоқ, бірақ  залалсыздандыру жүргізілген аумаққа жоламаған жөн.

Бибігүл Нұрғалиева, Инфекция және паразит ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы:

- 48 кене шаққан адамның көбі таулы аймақта, қаланың шетінде, сонымен қатар қаланың ішінде шаққан жағдай кездеседі. Негізінде кене таулы аймақтарда, орманды жерде кездеседі. Олар кененің табиғи ошағы болып табылады. Кенені қалаға үй жануарымен, затпен бірге алып келуі мүмкін. Қала тұрғындарына және қала қонақтарына табиғи ошаққа шыққан кезде неғұрлым жабық, ашық түсті киім киген дұрыс. Басына қалпақ, аяғына етік кигені жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде