{metadescription}
Түркістанда жоғалған 12 жастағы қыздың суға құлағаны белгілі болды
Түркістанда жоғалған 12 жастағы қыздың суға құлағаны белгілі болды

Түркістанда жоғалған 12 жастағы қыздың суға құлағаны белгілі болды

Түркістанда жоғалып кеткен 12 жастағы қыздың суға кеткені белгілі болды. Із-түссіз кеткен Інжу Ескерместі даладан іздеп жүргенде, оның қасында болған құрбысы төртінші күн дегенде Арыс арнасына құлағанын айтқан.

- Сосын мына жерге келіп, мен мына шетте отырғанмын, ол суға түсіп барып, ұстаймын деп аяғы тайып кетті. Мен жүгіріп қайтып кеттім.

Бесінші сыныпта оқитын қыздың суға құлағанын көрген құрбысы қатты шошып қалған. Тек сол маңдағы жұрт екі қыздың су жағасында ойнап жүргенін көріп полицейлерге айтқан соң, жеткіншекпен психологтар сөйлескен. Сөйтсе, Інжудің абайсызда суға кеткенін көргенімен, қатты үрейден ешкімге айта алмапты. Енді осыған дейін қала мен даладан іздеген полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер тобы каналдың ішін сүзуге көшті. Інжуді іздестіруге дрондар мен тіпті иісшіл иттер жұмылдырылған. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.