Қант зауыттары шикізатты шетелден баж салығынсыз алатын болды
Қазақстандық қант зауыттарының айы оңынан туды. Бұдан былай өндіріс ошақтары шекерге қажет шикізатты шетелден баж салығынсыз алатын болды. Бірақ бұл тәттінің бағасы арзандайды деген сөз емес.
Автор: Руслан Әбдіхалық
31.03.2023
Сауда және интеграция министірлігі бүгін осындай сүйінші хабарды мәлім етті. Сөздерінше, бұл мәселе Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысында қаралған. Онда елімізге шикі қантты бажсыз әкелу жайы ұсынылып, ол оң шешімін тауыпты. Бұдан былай отандық зауыттар қант өндіретін шикізатты үшінші елден таржеңіл тарифпен алады. Ол тізімде Бразилия, Үндістан сынды мемлекеттер бар.
Жалпы бұл үрдіс шекер тапшылығын жоюға сеп болмақ. Алдағы тоғыз айда алуға рұқсат етілген квота көлемі 350 мың тонна. Ол еліміздегі төрт зауытқа теңдей бөлінбек.
Ал күзгі жиын-терімнен кейін бұл мәселе тағы да қаралатын болады.
Әлия Әбдірахманова, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі:
- Онлайн форматта өткен кеңес отырысында тараптар Қазақстанның шикі қантты бажсыз әкелуге ұсынысын қолдады. Жалпы бұл біздің отандық қант зауыттарына шикі затты баж салығынсыз сатып алуға мүмкіндік береді. Сол арқылы өздерінің қуаттылықтарын толтыруға мүмкіндік береді. Бұл нәтижесінде дайын өнімнің бағасына оңтайлы әсер етеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!