Әуе компаниялары: Жолаушы құқығын қорғайтын заң күшейтілді
Елімізде әуе компанияларының жолаушы құқығын қорғайтын заң күшейтілді. Енді борт кешіксе немесе ұшпайтын жағдайда ғана емес, рейске қатысты кез келген өзгеріс болса, жолаушыларға ыстық тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етуге міндетті.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
31.03.2023
Кешігу әуе компанияның кесірінен болса, 3% өтемақы төлеуге тиіс. Бірақ бұған дейін тасымалдаушы компаниялар жолаушыларға өтемақы төлеуден барынша жалтарып келген. Жаңа заңға сәйкес, рейс бес сағаттан артық кешіксе, билет құнын толық қайтаруға немесе қайта броньдауға құқығыңыз бар. Осыған дейін ақша ұшағыңыз10 сағаттан астам кешіксе ғана қайтарылатын.
Білгеніңіз жөн, енді билет сатып алатын кезде ұялы телефон нөміріңіз бен электронды поштаңызды жазып кеткеніңіз абзал. Өйткені рейс бойынша қандай да бір өзгерістер болса, компания жолаушыларды міндетті түрде құлағдар етуі керек. Бұған дейін клиенттерге ұшақтың кешігіп жатқанын ескерту әуе компаниясының өз еркінде болған. Кейбір компаниялар оны тіпті ақылы қызмет ретінде ұсынған да екен. Талапты қатаңдатуға халықтан толассыз түскен шағымы негіз болған. Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңға енгізілді.
Нұржан Малаев, Қазақстанның авиация әкімшілігі формалды оңайлату департаментінің директоры:
- Былтырғы шағымды айтсақ, оның ішінде жиі кездесетін үш себеп: билеттен өтемақы алу, рейстің кешікккен себептерінен, екінші билет ақшасын қайтару, рейс орындалмаған жағдайда, үшінші, жолаушы құқығы бұзылады. Шағымдарға сараптама жасап, заңға тиісті өзгерістер енгіздік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!