Астана тұрғындары шайға су таба алмай отыр
Астана тұрғындары бірнеше күннен бері тіршілік нәріне тарығып отыр. Осыған дейін жауаптылар бас шаһарда су қысымын төмендетеміз дегенімен, кей көшелерде тіптен тоқтап қалған. «Күнделікті тұрмысқа қолданбақ түгелі, шай қойып ішетін суға зәруміз» деп қынжылады.
Автор: Айғаным Достанбай
31.03.2023
Ирина Дядич, Астана қаласының тұрғыны:
- Бізге әзір шыдай тұрыңдар деді. Тамыздың аяғында екінші сорғы станциясы қолданысқа беріледі деді. Оған көнбесеңіздер, өздерің ақша жинап, станция салып алыңдар да, үйлеріңе орнатыңдар деді.
Осыған дейін «Астана су арнасы» мекемесі қалаға су таратудың арнайы кестесін құрған. Мегаполисте тұрғын үйлердің саны артып, адамдар көбейген сайын су таратуға жалғыз сорғы станциясының қуаты жетпей жатқан көрінеді. Әзірге мұның шешімі суға арнайы уақытпен беру ғана. Ал тамыздың соңына қарай жаңа сорғы станциясының құрылысы аяқталып қолданысқа беріледі екен. Демек сол уақытқа дейін елордалықтар» шықпа жаным, шықпаның» күйін кеше бермек.
Астана қаласының тұрғыны:
- Екінші қабатта тұрамын. Судың қысымы өте төмен. Соңғы күндері жиі тоқтап қалады.
Ирина Скобелева, Астана қаласының тұрғыны:
- Қазан айынан бастап жағдай бұрынғыдан да нашарлап кетті. Су екі күннің бірінде жоқ. Әкімдіктен адамдар келіп көріп кетті. Сорғы орнатыңдар деп отыр. Бір аптадан бері су мүлде тоқтап қалды. Ал бүгін қысымы өте төмен болып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!