{metadescription}
Сот үкімі: Қайрат Боранбаев сегіз жылын темір торда өткізуге тиіс
Сот үкімі: Қайрат Боранбаев сегіз жылын темір торда өткізуге тиіс

Сот үкімі: Қайрат Боранбаев сегіз жылын темір торда өткізуге тиіс

Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластарына бүгін сот үкімі шықты. Белгілі бизнесмен алдағы сегіз жылын темір торда өткізуге тиіс. Квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталған кәсіпкердің Алматының элиталы ауданындағы жері мен шотындағы 4 миллиард лрд қаражаты да тәркіленді.

Боранбаевпен ым-жымы бір деп айыпталған «АзияГазЧунджа» компаниясының бұрынғы төрағасы мен Qazaq Gaz компаниясы төрағасының орынбасары да сегіз жылдан арқалады. Астанада өткен атышулы істің соңғы отырысы қалай өтті?

Астанананың Сарыарқа ауданы сотында атышулы істің үкімін тыңдауға келгендердің қарасы қалың. Журналистер мен айыпталушылардың туыстары сот залына әрең сыйды. Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаевтың өзі қобалжулы. Екі айдан астам уақытта ың қос тарап пен куәгерлерді тыңдаған судья прокурордың сұрағанын толық қанағаттандырды. Боранбаевқа сегіз жылға жаза кесті. Белгілі кәсіпкердің дүние-мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды.

Назгүл Бапақова, судья:

- ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Боранбаев, Нахановтың мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оған қарасты ведомстволарда, қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда қызмет атқару құқығынан айырылсын.

Тергеуді жүргізген қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, Боранбаев «АзияГазЧунджа» компаниясы арқылы сұйылтылған мұнай газының саудасынан түскен 14 жарым миллиард теңгені жымқырған. Танымал кәсіпкермен ым-жымы бір болған осы компанияның бұрынғы құрылтайшысы Роман Наханов мен Qazaq Gaz компаниясы төрағасының орынбасары Тайыр Жанұзақ екеуі де сегіз жылдан бас бостандығынан айырылды. Қайрат Боранбаев соңғы сөзінде мемлекетке келтірген шығынды толық өтегенін және тағылған айыппен келіспейтінін айтқан болатын. 

Қайрат Боранбаев, сотталушы:

- Құрметті сот, сізге өз құқығымды қорғау үшін жүгінемін. Бұл істе прокурорлардың өз қателіктерін мойындауға батылдығы жетпеді. Осы орайда сот жіберілген қателіктерді түзетуге, әділдік пен заңдылықты қалпына келтіруге батылдығы жетеді деп үміттенемін. Бүгінде залал толық көлемде өтелді. Осы орайда заңды шешім қабылданады деп үміттенемін.

Бірақ Боранбаевтың үміті ақталған жоқ. Сот оны бас бостандығынан айырып қана қоймай, дүние-мүлкі де тәркіленсін деп шешті. Нақтырақ айтқанда, Алматының ең элиталы ауданы әл-Фараби даңғылының бойындағы үлкен жер телімі мен ғимараты және банк шоттарындағы 4 млрд теңгеден астам қаржаты тәркіленді. Бір жыл бұрын қолына кісен салынған бизнесменнің осыған дейін 38 млрд теңгесі мен 4 млрд 200 млн теңге тұратын мүлкі де бұғатталған болатын.

Қайрат Боранбаевтың тағы бір сыбайласы «Қазмұнайгаз» компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Ибулла Серді шетел асып, былтырдан бері бой тасалап жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.