{metadescription}
Жанармай қымбаттайды – ішкі нарықта тапшылық болмауы үшін
Жанармай қымбаттайды – ішкі нарықта тапшылық болмауы үшін

Жанармай қымбаттайды – ішкі нарықта тапшылық болмауы үшін

Елімізде жанармай қымбаттайды. Энергетика министрінің айтуынша, бағаны дәл қазіргідей төмен бағада ұстап тұра берсек, кейін ішкі нарықта тапшылық болуы мүмкін. Өйткені былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда, елде жанармайды тұтыну 15 пайызға өсіпті.

Бензин қай күннен және қанша теңгеге қымбаттайды?

Өткен жылдың аяғында ғана энергетика министрі жанармай қымбаттамайды, қор жеткілікті деп сендірген. Болат Ақшолақов енді бағаның көтерілуін ішкі нарықта сұраныстың өсуімен түсіндіріп отыр. Кейін тапшылық басталып, жанармайдан тарықпас үшін бағаны өсіру қажет дейді министр.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы:

- Былтырғы жылмен салыстырғанда наурыз айында тұтыну көлемі 15 пайызға өсті. Бұл қалыпты жол емес. Екіүш айда пайыз өсетін болса, біз оны басқаша шешетін едік. 5 пайызға дейін Ал 15 пайыз – басқаша жолмен кететін дизель. Сондықтан сәуір айында ,екі айда үлкен тапшылықтар болмауы үшін осындай шешімге келіп отырмыз.

Елімізде АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы 11 пайызға, дизель отынының бағасы 20 пайызға көтеріледі. Орташа алғанда АИ-92 бензинінің құны литріне 20 теңгедей, дизель бағасы шамамен 30-35 теңгеге қымбаттайды. Министрдің сөзінше, бағаны көтеруге тағы бір себеп –

жанар-жағармайдың ТМД бойынша төмен бағада саудалануы мұнай-газ саласына инвестиция тартуға мүмкіндік бермей отыр.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы:

- Ағымдағы төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз, бұл – бір. Екінші – баға арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге «ағын» жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер күтілген нәтиже бермейтіні анық. Үшінші –  жанармай бағасындағы диспропорция көлеңкелі нарықты дамытып, ұлттық экономикаға кері әсерін тигізеді.

Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45 пайызға қымбат. Қырғызстандағы баға 64 пайызға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат – литріне 480 теңге. Бағамыздағы айырмашылық – 101 пайыз деп отыр Ақшолақов. Сондай-ақ министрдің міндетін атқарушы бүгіннен бастап пысықайлардың әрекетке көшетінін де айтып қалды.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы:

- Жаңа жобаны жариялап, күшіне енгенге төртбес күн өтеді. Жанаржағармай станциялары, басқа компаниялар болсын, оны сәл ұстауы мүмкін. Көріп тұр ғой, бағаның қандай болатынын. Қазір сатпайыншы деп, келесі аптада жоғары бағамен сатуы мүмкін. Мұны болдырмас үшін үлкен компаниялармен келісіп, жанармай бекеттеріне қосымша көлем бөлеміз. Оны тоқтатпай сатуы үшін.

Өзгертілген бағада жанармай 12 сәуірден бастап сатылады. Болат Ақшолақов дизель отынының өндірісін жуық арада арттыру мүмкін емес дейді. Шымкенттегі мұнай өндіру зауытының қуаттылығын 6-дан 9-12 миллион тоннаға дейін көбейту үшін алты жылдай уақыт керек. Ал ол жерде қазір маусымдық жөндеу жұмысы жүріп жатқандықтан, өндіріс те әзірге тоқтап тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде