{metadescription}
Арзан бензин көрші елде сауданы қыздырып, көліктер сағаттап кезекте тұр
Арзан бензин көрші елде сауданы қыздырып, көліктер сағаттап кезекте тұр

Арзан бензин көрші елде сауданы қыздырып, көліктер сағаттап кезекте тұр

Арзан бензин көрші елдердің көлік жүргізушілеріне май-шелпекке айналған. Әсіресе Қырғызстанмен шекаралас аудандарда сауда қызып тұр. Соның кесірінен "Қордай" бекетінде сағаттап кезекте тұратын көлік көбейген.

Көрші елде жанармай бағасы салыстырмалы түрде екі есеге қымбат болғандықтан, айырқалпақты ағайын Қазақстанға ағылады. Кей пысықайлар қосымша бак орнатып бензин тасуды кәсіпке айналдырған. Тонналаған сұйық отын шекара асып жатқанда, жергілікті жұрт жанармайға жарымай, тапшылыққа тап болған. КТК телеарнасының тілшісі шекаралас ауданға арнайы барып зерттеу жүргізді.

- Алматыдан 200 шақырым қашықтағы Қордай ауылы. Мұнда келуіміз тегін емес: іргедегі қырғыз ағайын осындағы бензин, дизель отынын бөшкелеп тасып жатыр. Соның салдарынан жергілікті жұртқа жанармай жетіспейді деген әңгіме желдей еседі. Осы мәселенің мәнжайын анықтап байыбына бару үшін өз зерттеуімізді жүргіземіз.

Қордайдың тіршілігі осы шекараға барып тірелетін ұзын көшенің бойында қыз-қыз қайнап жатыр. Талғамыңызға қарай дәмхананың, дүкеннің де сан түрі самсап тұр. Негізгі тіршілік – жанармай бекетінде. Бәленбай тонналық жүк көліктері бакты толтыруға кезекке тұрады. Көзімізге қырғыз нөмір таққаны көп түсті. Біраз жерде тек талонмен жанармай береді екен.

Талоны бардың бәрінің төбесінен қарайтын дәурені қазір жүріп тұр. Қалғаны  артылғанын құйғанға тәуба дейді. Қолма-қол ақшаға жанармай неге тез таусылып қалатынын түсіндіріп жатқан ешкім жоқ.

Қордайдың өз басында жанармай бекеті көп болғанмен, тапшылық барына такси жүргізушілері шағымданады. Мәселен, бірі мүлде істемей тұр. Ал оған қарсы тұрған жанармай бекетінде тек 92 және 95-ші маркалы бензин бар. Дизель атымен жоқ.

Оразбек Айманбетов, такси жүргізуші:

- Менің соляркам жоқ. Бұл жерде жасай алмаймын, Алматыда жасаймын.

- Сонда Қордайда тұрып, өздеріңіз дизель ...

- Солярка жоқ, бірекі апта болды, солярка ала алмаймын. Бензин сатқанға бәрі джип сатып алған, 400-500 литрлік бак орнатып алған. Өтеді. Екі рет өтсе, 30 мың теңге пайда көреді.

Ағамыз айтқан джиптердің ұсқыны осы. Артын әдеттегіге қарағанда көтеріп алған. Гәп мынада: 400 литрлік қосымша бак жалғаған, көлік басылып қалмас үшін рессормен көтереді. Одан бөлек, шекарадан 20 литр канистрмен алып өтуге рұқсат. Кезекте тұрған бір джип Бішкектен келген екен. Руль  тізгіндеген келіншек жиі қатынайтынын жасырмайды.

- Ол жақта қаншаға қымбат мысалы, қанша пайызға?

- Бес сомға.

Жүзін жасырған жүргізуші Қырғызстандағы шынайы бағаны да жасырып отыр. Бір сом бес теңге болса, 25 теңге үшін айырқалпақты ағайынның Қордайға сабылмайтыны анық.

Бергі беттен арғы бетке өтпек көліктер осындай ұзын-сонар кезекте тұр. Көбі қырғыз нөмірмен. Ол жақта жанармай бағасы қандай? Тапшылық бар ма? Осы және өзге де сұрақтың жауабын алу үшін Қазақстан шекарасын кесіп, Қырғызстан жаққа өтіп, жағдайды біліп қайтуды жөн көрдік.

Мұнда да шекарадан өтуге ентелеп тұрған көлік тізбегінен көз сүрінеді. Кептелісте ебін тапқандар тауарын сатып пайдаға кенелуде. Жүз метр әрі жүргеннен соң күбісіне бензинін құйып, жол бойына шығарып қойғандары кезікті.

- Сатпаймыз ешнәрсе, отырамыз демалып. Жоқ бізде ештеңке сатылмайды.

Камера қосылғанда алыпсатардың әңгімесі демде өзгере қалды. «Сатпаймыз» деп айтқанынан айныды. Жергілікті жұрт осылай Қазақстаннан келген бензинді астыртын өткізетіндер көп екенін жасырмайды. Сұраныс жоғары. Өйткені ресми жанармай бекетінде баға қымбат.

Бішкекке жақын жердегі жанармай бекетінің біріндеміз. Жүргізушілер көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензинді Қазақстандағы бағамен салыстырып көрсек. Мұнда 1 литрі 52 сом 70 тиынға тең. Теңгеге шаққанда 274 теңге. Ал біздегі баға орташа 177-180 теңге. Яғни арғы беттен бізден алатын болса, бақандай 100 теңге ұтады.

30 минут жанармай бекетін бақылағанда бар-жоғы екі көлік ат басын бұрды. Қымбатшылықтан қажыған жүргізушілер баға реттелмейінше, Қазақстанның сұйық отынын тұтына береміз дейді.

Салиджан:

- Дизель құюға келдім. Пандемия кезінде бір литрін 30 сомға алатынбыз. Қазір 75 сомға қымбаттап кетті. Арасында Қазақстан жаққа өтіп тұрамын. Екі есе арзан. Меніңше, монополияның кесірі. Қашанғы осылай қымбатшылықтың қыспағына жүреміз?

Жарты күнде көрген жағдайымыз осы. Қырғызстандағы қымбатшылық жұрттың Қазақстандағы жанармайды тонналап тасуына түрткі болған. Артық 5-10 теңге үшін астыртын барып-келіп жүрген өзіміздің ағайын да жетеді. Оның кесірін жергілікті халық көреді. Бекеттермен ым-жымы бірлер жанармайды шекара асырғанда, тұрғындар тапшылыққа тап болып, тұқырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.