{metadescription}
Қамыс өрті: Атырауды тұман басып, халық түтінге тұншығып отыр
Қамыс өрті: Атырауды тұман басып, халық түтінге тұншығып отыр

Қамыс өрті: Атырауды тұман басып, халық түтінге тұншығып отыр

Атырау тұрғындары көк түтінге тұншығып отыр. Шаһарды қарыс қадам көрінбейтін қалың тұман басқан. Себебі: қала сыртында қамыс өртеніп жатыр. Көк түтіннен оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқуға жіберілді. Ал тұрғындар есік-терезені тұмшалап, төрт қабырғаға қамалып отыр.

- Балаларымызды ойнатуға далаға шығара алмаймыз. Өзіміз шыға алмаймыз. Масқара ғой мынау! Үн-түн демей, Үкімет бізді өлтіріп жатыр. Ауа дейтін күй жоқ. Кеше де, бүгін де көк түтін. Қиын болды.

Қою түтіннен қала ішінде көлік қозғалысы қиындаған. Тынысы тарылған тұрғындар үрейленіп отыр. Соған қарамастан санитарлық дәрігерлер де, экологтар да төтенше жағдай жариялауға себеп жоқ дейді. Ал төтенше жағдайлар департаменті қызыл жалын шарпыған қамысты алқапты сөндіруге күшін салып жатыр. Өрт 89 гектар аумақты шарпыған. Жеті гектары әлі жанып жатыр.

Жасұлан Ақтаев, Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Көрсеткіші қалыпты болып тұрғаннан кейін төтенше жағдай жариялайтын себеп жоқ. Егер көрсеткіші көбейсе, тек сол кезде төтенше жағдай жариялауға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде