«Сарыарқа» аумағына майнинг құрылғылар заңсыз жеткізіліп келген
Қарағандыда «Сарыарқа» арнайы экономикалық аумағына майнинг өндіруге арналған құрылғылар заңсыз жеткізіліп келген. Бұларды жалған құжаттар арқылы өткізген күдікті осы аумақтағы металлургия зауытының белді қызметкері болып шықты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
03.04.2023
Сарыарқа экономикалық аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындар кедендік және салық төлемінен босатылған. Ал Грузиядан келген майнинг өндіретін 1800 компъютер мен қорек блоктары және 10 мыңнан аса арнайы кабельдер аумақтағы металл өндіретін зауытқа керек дүние ретінде келіпті. Тауарды жеткізумен айналысқан күдікті кеденшілерді осыған сендірген. Өйткені оның өзі 23 жыл кеден бақылауы саласында жұмыс істеген екен. Тексеріс барысында тауардың контарбанда жолымен келінгені әшкереленді. Алайда осының бәрін ұйымдастырған Абай Оспанов есімді азамат сот шешімімен бір жарым жылға сотталды.
Зарина Құсманова, Қарағанды облысы экономикалық тергеу департаментінің қызметкері:
- Аталған құралдар металлургиялық құрылғылар өндірісіне емес, көп мөлшерде электр энергиясын тұтыну арқылы криптовалюта өндіруге арналған. Тәркіленген заттардың жалпы сомасы 395 миллион теңге шамасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!