{metadescription}
Әскери-теңіз күштері 30 жылдыққа орай оқу-жаттығу өткізді
Әскери-теңіз күштері 30 жылдыққа орай оқу-жаттығу өткізді

Әскери-теңіз күштері 30 жылдыққа орай оқу-жаттығу өткізді

Каспий теңізінде қиян-кескі ұрыс басталды. Сырттан төнген қауіп-қатердің алдын алу үшін әскери-теңіз күштерінің кемелері қарсы оқ жаудыруда. Тіпті жауға тойтарыс беру үшін ірі калибр қару қолдануға тура келген. Бірнеше сағатқа созылған атыс аяқталып, біздің жауынгерлер теңіз тыныштығын сақтап қалды.

Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған оқу-жаттығу осындай сценариймен өтті. Онда әскери теңізшілер зымыран-артиллериялық кемелерді жауынгерлік жағдайда қорғап, қару-жарақты қолдану тәсілдерін пысықтады.

Каспий теңізінде атыс басталды. Сыртқы жауды жоюға «Қазақстан» кемесіндегі теңіз күштерінің жауынгерлері тартылған. Матростар кемелердің су асты диверсия қорғанысын ұйымдастырып, шахид-қайықтар мен шахид-дрондардың шабуылына тойтарыс беруде. Оларға «Сарыарқа» зымыран-артиллерия кемесінің матростары да көмекке келген.

Владислав Петров, матрос:

- Жауынгерлер қарсылыстың көзін жою үшін ірі калибрлі пулеметтермен арнайы қондырғыларды қолданды. Бұл – «Сарыарқа» зымыран артеририялық кемесінің «Ак-306» арнайы қондырғысы. Бір минутта 500 оқ жаудыруға қауқарлы. Бұл қондырғы әуе және теңіз үсті нысандарын жояды. Одан бөлек, мұнда су асты сүңгуірлеріне тойтарыс бере алатын қару да бар.

Оқу-жаттығу сәтті аяқталды. Матростар арнайы қару-жарақтарды сынақтан өткізіп жаудың көзін жойды.

Азамат Бақтығалиев, «Сарыарқа» кемесі командирінің көмекшісі:

- Жауынгерлік жаттығуларды орындап болған кезінде матростарымыз пост басқаратын олар қайтып оқтайды. Келесі жаттығуға қару дайындайды және 127 млм  НСВ «Утес», ол қарумен матростарымыз атады. Мысалы, армия ойындарына дайындалған кезде, 2022 жылы барған кезде матростарымыз да бізбен бірге дайындалып атып жүрді. Өйткені біз кеменің ішінде жеке құрамның ішінде мерген таңдаймыз. Сол кезде матростар да қатысады. Қарумен атады.  

Дайындықта матростар отқа оранған кемедегі қызыл жалынды ауыздықтау тәсілін меңгерді. Жалпы әскери-теңіз күштеріне борышын өтеуге келгендер 8-10 сарбаздан бөлініп арнайы кемелерге бекітіледі. Теңізшілердің өмірімен танысып, көк айдындағы тыныштықты қорғайды.

Ермекбай Оспанов, «Қазақстан» кемесі командирінің көмекшісі:

- Бізде бір жылда 810 солдаттан, мерзімді әскери қызметшілерден өз  әскери қызметін аяқтап кетіп жатады. Келгеннен кейін  оларды күнделікті өмірге үйретеміз. Кемедегі қауіпсіздік шараларын, кемеде өзін қалай ұстауды үйретеміз. Өйткені кеме болған соң, бұл жүрде өзін  ұқыпты ұстау керек. Тайып кетуі мүмкін. Қаружарақ бар дегендей.

Теңізде борышын өтеп жүргендердің күн тәртібі құрлықтағылардан аса өзгеше емес. Таңғы 6:30-да жаттығудан басталып, сарбаздар әскери өмірдің қыр-сырымен танысады. Бірақ ерекшелігі, бұлар теңіздегі тыныштықты сақтауға жауапты.

Биыл Қазақстанның әскери теңіз күштерінің құрылғанына 30 жыл. Аталған құрылым заманауи кемемен, қарумен және техникамен толық жабдықталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде